Google үш мың жылдық сән тарихын онлайн жобаға айналдырды.
Күн сайынғы жаңашылдығы мол сән тарихын толық түзген ақпарат көзі бұрын-соңды болмаған. Google осы олқылықты оңалтып, жаһандық мұражайлардың мұрағатын сандық форматқа өткізді. We Wear Culture - соңғы 3000 жылдағы сән шежіресі топтастырылған онлайн алаң. Жобаны жүзеге асыруға АҚШ-тың ең ірі Метрополитен мұражайы, Виктория мен Альберт мұражайлары және 180-ге жуық мәдени ошақтар жәрдемдескен. Google, тоқыма өндірісінің тарихын, мата шығару ісін, сән индустриясының саяси-экономикалық мәселелерін қамтыған.