Бір жарым жастағы гимнаст-сәбидің танымалдылығының құпиясы қандай?
15.05.2017
Тамирлан алғаш рет Германияда өткен фестивальде әкесінің алақанында тік тұрып, ерекше қабілетін байқатқан болатын! Үш айлығында бойын тіктеп ұстап, туғанына 10 ай толғанда еңбектемей-ақ, бірден жүріп кеткен. Бүгінде бір жарым жасқа толған бүлдіршін жаттығу жасап, шпагатқа еркін отырады. Гимнастиканы серік еткен сәбидің ата-анасы да, аталмыш спорт түрінің шеберлері.
Кәмила Көркембаева, Тамирланның анасы, цирк әртісі:
- Қазір гимнастикамен айналысса, одан кейін плаванияға беру керек. Ертең өмірдің барлық қиыншылықтарына дайын болады да, характері де болады. Ертең момын, тыныш, қимылдаусыз, ондай болмайды да. Қазір көбінесе, сондай поколение болып барады, балалардың бәрі телефон шұқылап отырады, семіріп кеткен.
Ал, бастапқыда буыны қатпаған баланың түрлі жаттығуларын желіге жүктегенде, ғаламтор қолданушылары жақтыра қоймапты.
Әділет Тиканов, Тамирланның әкесі, цирк әртісі:
- Кішкентай кезінен бастап дайындап келе жатырмын. Нагрузканы мен жай-жай қосамын. Мен білемін қаншалықты қосу керек екенін. Білмейтін адамдар айтуы мүмкін да бірден алып баланың қолын тарта салды, бір жерін ауыртуы мүмкін деп.
Кәмила Көркембаева, Тамирланның анасы, цирк әртісі:
- Көбісі айтады балаларын қазір пиарить етеді. Ақша үшін жасап жатыр, кішкентай балаларын шығарып жатыр. Білсін де ақша қалай табылатынын. Ертең өзіне жеңіл болатынын, өмірдің қиыншылықтарына дайындау ғой енді әке-ана ретінде.
Алғашқы қадамын халықаралық байқаулардан бастаған Тамирланның бағындырар белестері әлі алда. Мәселен, Максим Галкиннің «Лучше всех» атты балалар бағдарламасына өтініш білдірген екен.
Кәмила Көркембаева, Тамирланның анасы, цирк әртісі:
- Бізге кішкентайсыңдар деді, кішкене тілі шықсын. Содан кейін болады деді. Ол жақта барып жатқан балалар үлкендеуде. Сөйлегені Максим Галкинмен шуточно да...