Ерке Есмаханның болашақ ғашығына қояр талабы қандай?
12.05.2017
Иә, қыз баласы ғой, ер азаматқа бірінші боп сезімін білдіруден жасқанады. Ерке өзінің ішіндегі ойын кезекті клипі арқылы жеткізбек. Бейнебаянда жүрегінің жартысын іздеген әнші, өмірде де тұрмыс құруға әзір екенін айтты.
Ерке Есмахан, әнші:
- Ең өмірдегі жаман нәрсе, ең қорқатын нәрсе ол жалғыздық. Сондықтан мен ешқашан жалғыз болғым келмейді. Не дегенмен кішкентайым бар, ақыл тоқтатқан қызбын, біраз сынақтардан өттім. Енді, бұйырса болашақта өзімнің сүйіктімді тапсам деген оймен, осындай ән шығарып тұрмын.
Ерке осыдан бірнеше ай бұрын Тайландта демалып жүргенде, ел арасында: «қалталы азаматтың ғашығы» деген қауесет тараған-ды.
Ерке Есмахан, әнші:
- Олигарх бар екен, ойбу Ерке деген рахат деп. Менің ондай олигархым болса, біреу маған ақшаны беріп жатса, олай жүрмес едім, күнде ұйқы көрмей әрлі-берлі...
Әншінің сөзіне сенсек, дәл қазір көңіл жарастырып жүрген жігіті жоқ! Алайда, Ерке қыздың болашақ ғашығына айтар өтініші бар.
Ерке Есмахан, әнші:
- Махаббат болса, енді бұрын айтуым мүмкін. Бәрін тастаймын да кетемін, тастап та, кетіп те келген кездер болған. Бірақ, қазір олай айта алмаймын. Ол адам мені жақсы көрсе, осылай менің жұмысыммен, осылай қалпыммен жақсы көріп мені қабылдау керек, әрине мен көп нәрсені тоқтатар едім.
Иә, өнерде өрлеу, танымалдылық пен халықтың қошеметі керек-ақ! Алайда, ана жүрегі ұлы Мүсілімнің тілегін орындауға асық.
Ерке Есмахан, әнші:
- Менің ұлым бәрін түсінеді, ақылды! Қазір 5 жаста. Бәрін біледі. Сондықтан да ұлымның айтатыны сол. Мама, мен енді жалғыз болмауым керек. Маған қарындас керек, інім керек. Ойнайтын адам керек деп айтады. Сондықтан да, мен өзім үлкен семьядан шыққан адаммын, болашақта ана болғым келеді.