Өзін өсекшіге теңеп, топас деп жазғырған фолловерімен Лəйлə Сұлтанқызы соттасады ма?
15.05.2017
Лəйлə Сұлтанқызын жанкүйерлері əрдайым ұлықтай бермейді. Ара-тұра əлеуметтік желіде санаға сыйымсыз сөздерімен сыбап алатындары да табылады. Сондықтанда, тележүргізуші хейтерлерді жазалауға кіріспек.
Лəйлə Сұлтанқызы əзірге кереғар пікір жазушылармен "өз тілінде" сөйлесуде. Тележүргізуші хейтерлерді масқаралайтын пост жазумен ғана шектеліп отыр. Фолловерлерін дəл осы əдіспен жазаласа да, оң нəтижесін көре алмаған Ділназ Ахмадиева Ләйләнің бұл ойын құптамайды. Хейтерлерді әлеуметтік желіге қатысты заң аясында жазалауды ұсынды.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
- Бір қызығы, заң күшіне енгелі агрессия танытып, аузына келгенін жазатындар азайған. Жерден алып, жерге салатындар кезіксе, күш-қуатым мен уақытымды жұмсап, олармен күресуге дайынмын.
Расында, жаңа заң бойынша әлеуметтік желі арқылы жала жабылса, 4,5 млн теңге айыппұл салынады немесе екі жылға бас бостандығынан айырылу қаупі бар. Кез-келген жанның ар-намысына тиетін сөз жазып, жеке басын кемсіткендер 500 мың теңгеге жуық айыпқұн төлеп, 180 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Жеке басына қол сұғып, ақпараттарды таратқандар бес жыл түрмеге тоғытылуы мүмкін.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
– Бұл заң хейтерлерді қорқыту үшін емес, кез-келген тұлғаның құқығын қорғау үшін енгізілді. Сондықтан, үлкен көлемдей айыппұл төлетіп немесе бас босандығынан айырып жатса, мен ондай жанға аяушылық танытпас едім.
Әсел Сәдуақасова, продюсер, актриса:
– Өзімнің заңгерім, директорым менің әлеуметтік желідегі жазбаларымның астына қалдырылған пікірлерді үнемі қадағалап отырады. Қажет деп тапса, бұғаттап тастайды. Өміріме қауіп төндірерлік қоқан-лоқы көрсетіп жатса, бұл мәселені заң аясында шешуім мүмкін. Мен ол жағдайда қолдарын қақпаймын.
Данияр Өтеген, «Ринго» тобының әншісі:
– Шектен қатты шығып жатқан азаматтар болса, оларға ескерту жасайтын шығармын ең біріншіден. Адам басына жетпей, қатты кеткен жағдайда құқығымды қолдануға дайынмын.
Санжар Мәдиевтың пікірінше, заң ерік берді деп өзгенің өміріне балта шабу әбестік. Түсіністік танытып, медиа тұлға болғаның үшін балағат сөздерге де төзе білу қажет деп түйеді.
Санжар Мәди, актер:
– Менің немесе жақындарымның арын таптап жатса ғана, ондай жанды жазалайтын шығармын. Бірақ, әлеуметтік желіде кереғар пікір жазды деп, адамды екі жылға бас бостандығанан айыру ойыншық іс емес.
Әлеуметтік желідегі әр қадам бақылауда! Заң күшіне енгелі 4 қазақстандықтың істі болғаны сөзімізге дәлел.