Марат Омаров әншілерге тосын сый жасады!
05.05.2017
Халқым сүйген әндер-ай! Өнер әлеміндегі 30 жылдығын атап өткен Марат Омаров шығармашылық кешінде бой көрсеткен барлық әншілерге тосын сый әзірлеп қойыпты. Түркияға 5 күндік жолдама алған жұлдыздардың алғашқысы Алтынай Жорабаева.
- Көп рахмет, көп-көп рахмет! Алла разы болсын, аға!
Ал, жолдамаға ие болған жұлдыздар, Анталияға қашан аттанбақ?!
Кенжебек Жанәбілов, «Музарт» тобының әншісі:
- Уақытқа қараймыз! Мүмкін мамыр айының ішінде барып қалуым мүмкін. Маусым айында барып қалуым мүмкін. Оны енді уақыт барысында шешеміз!
Нұржан Керменбаев, әнші:
- Бұйырса, Алла қаласа, келесі жылдың басында баратын шығармын деген ойдамын. Өйткені оған дейін уақыт болмайды. Менде де биыл мерейтой!
Марат Омаров, әнші, композитор:
- Жолдама беру мақсатым, бұл екі елдің достығы, өнер додасында, киелі сахнада, өнер шаңырағында бірге болу.
Бұл кештегі ел күтпеген жаңалықтар мұнымен шектелмейді. Омаровтың жаңа әнін мерейтойға арнап жаздырған Жанболат пен Жазираның жоспары бұл жолы іске аспады. Концертке санаулы күндер қалғанда, Байырбекова абайсызда аяғын сындырып алып, әншіні сіңілісі алмастырған.
Жанболат Ербатыров, әнші:
- Бәле деген аяқ асты ғой. Содан дәрігер бір ай жүруге болмайды, сахнаға шығуға болмайды деп. Тез кел, сахнаға шығуымыз керек, ән айтуымыз керек деп шақыртып алдым.
Марат Омаров осы уақытқа дейін 400-ге жуық әнді дүниеге әкелген. Ал, концерттік бағдарламаға кең таралған туындыларын тоғыстырырыпты. Ең таңдаулы тректердің тізімінде бала Мейрамбектің актерлық қырын танытқан «Алғашқы махаббат» әні де бар!
Мейрамбек Бесбаев, «Музарт» тобының әншісі:
- 91-ші жылы жазылды! Қарасаңыз әнге 25 жылдай уақыт өтіпті. Әлі күнге дейін халықтың жүрегінде, әлі сөзін біледі. Халық қосылып айтып жатады. Мен үшін орны бөлек ән!