Алаштың ұлдары аналарына тосын сыйын тарту етті
07.03.2017
Биыл, 8-ші наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне «Алашұлы» тобы ерекше дайындалғанға ұқсайды. Аталмыш үштік бұл мейрамның қарсаңында шығармашылықты бір шетке ысырып, бар уақытын сыйлық таңдауға арнаған...
Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында үйде емес, түзде жүретін жұлдыздар қауымы дәл 8-ші наурыз күні жақындарына жиі сыйлық жасай алмайтындарын жасырмайды...
Нұржан Керменбаев, әнші:
- 8-ші наурыз емес, басқа күндері де сыйлық жасап тұру керекпіз деп білемін. Бірақ, өкінішке орай ол нәрседе біздің үйде де көп болып жатқан жоқ деп білемін. Оған менің көп қолым тие бермейді.
Ернар Айдар, әнші:
- Анам енді қасында бола алмай қалатынымды біледі. Себебі жұмысымды да біледі. +00:39:22 бірақ, телефон қоңырауы арқылы құттықтаймыз...
Серік Ибрагимов, әнші:
- Мен енді сыйлықты әлі ойлаған жоқпын 8-ші наурызға. Шыны керек, менің сыйлық туралы фантазиям аз…
Есесіне нәзік жандылардың жүрегіне жылу сыйлауды «Алашұлының» жігіттері жақсы біледі. Аталмыш ұжымның әншілері аналарды тосын тартумен қуанту мақсатында, бірі гүл шоқтарын таңдап жүрсе, екіншісі косметикалық дүкенге бас сұғып, ерекше әсер сыйлаудың қамына кірісіп кеткен.
Сонымен, жұпар иісті әтірсу да, көктемде жайқалған қырмызы гүлде әзір. Сыйлықтары сақадай сай Алаштың ұлдары үйге қарай бет алып, әлемнің жарығын сыйлаған ақ жаулықты аналарға арнап алған, тартуды табыстауға дайын...
Әзімбек Байлин, «Алашұлы» тобының әншісі:
- Биыл ерекше жыл болды. 8-ші наурызда қос аналарымыз, Мақсаттың әжесі барлығы бір үйде жиналып қалдық. +00:22:15 осы екі анама арнап және арнайы өздеріне ұнайтын, әтірлерін алдым, гүлдерімен қоса. Гүл енді әрқашан жүреді ғой...
Хадиша Сандыбайқызы, Ә. Байлиннің анасы:
- Аналар мерекесі құтты болып, келген 8-ші наурызымыз қайырлы, құтты болсын. +00:17:41 Аналар бақытты бола берейік. Әйел бақыты неде дегенде, осыдан артық әйел бақыты жоқ деп ойлаймын...
Ал, топ әншісі Мақсат үшін бұл мерекенің орыны ерек. Өйткені, 8-ші наурыз күні әжесінің баласы бір оқпен қос қоянды ататыны бар...
Мақсат Рахмет, «Алашұлы» тобының әншісі:
- Менің әулетімде енді 8-ші наурыз жылда ерекше тойланады. Себебі менің апамның туған күні 8-ші наурызда. Негізі шын туған күні 8-ші наурыз емес, бүкіл қазақтың апалары 8-ші наурызға қойып қойған ғой туған күнін...
Айымша Рахмет, М. Рахметтің әжесі:
- Биіктен көріне беріңдер. Біз әрқашан жақсы жақтарыңнан көрінгендеріңе тілектеспіз. Жолдарың ақ болсын...
Әйел-Ана – өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан, гүл көктемнің алғашқы мерекесімен барша нәзік жандыларды құттықтаймыз...