Ресейлік комментатор: Қазақстан футболшылары ешқашан әлем чемпионатына шықпайды
02.03.2017
Белгілі Ресейлік спорт комментаторы Георгий Черданцевтың сөзінше, қазақ футболы өз бақытын Еуропадан таппайды. Отандасы Бородюк жаңа бас бапкер болған Қазақстан құрамасына, ол Азияға қайта оралуға кеңес берді. Оның сөзінше, біздің аяқдопшылар жуық арада әлем чемпионатына бара алмайды.
Саяси мотивпен бірге аяқдопты дамытсақ деп, 2002 жылы УЕФА мүшелігіне өткен Қазақстан футболы, қазір өркендеудің өтпелі кезеңдерін бастан кешуде. Бірақ Ресейлік спорт комментаторы Георгий Черданцев, біздің құрамамыздың бақыты Азия футбол қауымдастығында деген ойда.
Оның пікірінше, Еуропа құрамындағы қазақ футболы үшін, жақын уақытта әлем чемпионатының есігі айқара ашыла қоймайды. Черданцевтың айтуынша, Азияға өткен Қазақстан Футбол федерациясы әуе билеттерінің өзінен, біршама ақша үнемдейтін көрінеді. Қазір оның отандасы Александр Бородюк үш жылдық келісімшартпен ұлттық құрамамыздың бас бапкері атанған болатын.
Кезінде, Бородюк аз күн қонақ болған «Қайрат» футбол клубы бас бапкері Кахабер Цхададземен бірге, жаңа маусымға тас-түйін дайын екендіктерін жариялады. Олар өз базасында журналистермен кездесу өткізді. Алаңға Бауыржан Исламхан бастап шығатын алматылық аяқдопшылар сапында өзгерістер бар. Оларға Иво Иличевич, Георгий Жуков пен Елдос Ахметов қосылған. Жігіттер: биылғы мақсатымыз тек ел чемпионы атану, - деп жанкүйерлерін бір жігерлендіріп алды.
Георгий Жуков, «Қайрат» ФК ойыншысы:
- Мені бұл команданың мүмкіндіктері мен амбициясы қызықтырады. Сондықтан көп ойланбастан ойнауға келісім бердім. Биылға маусымда әр ойын, әр қарсылас маңызды. Мақсатымыз тек чемпион болу.