Q-pop бағытын таңдаған «Black Dial» тобы көптен күткен клиптің тұсауын кеседі

Сообщить о проблеме с эфиром
Естеріңізде болса, Ерболат «Ninety one» тобының жігіттерін жасақтап, екі жылдан астам уақыт шоу-бизнеске дейін шеберліктерін шыңдаған болатын. Ал, дәл осындай бойзбендтың тұсауын кескен кіші Беделхан, керісінше, аздаған уақытта сапалы жоба жасақтап, шоу-бизнеске қоспақшы. Есболат Беделхан, продюсер: - Өте бір сапалы музыкалық проектіні жасау үшін өте жылдам, кенеттен, аяқ астынан құрылған топ. Сапалыраққа бір жыл керек қой. Ал, біз аяқ астынан құрылдық. Тіпті, Есболат отандық шоу-бизнеске кью-поп жанрын енгізген Ерболаттан ақыл-кеңес сұрамағанын да айтады. Өйткені, өнер иесі өзіне сенімді. Есболат Беделхан, продюсер: - Берері зор! Бірақ, мен ақылдасқан жоқпын! Өзім де 16-17 жастан бастап сахнада жүрген баламын ғой. Өзімнің көргенім бар. Көргенім көп деуге болады. Сахна туралы. Өз күшіммен... «Black Dial» -дың сахналық образдарына әзірдің өзінде сын айтып, мінейтіндердің қарасы көбейген. Алайда, дебют алдында топ жетекшісі хейтерлерге төтеп берудің тың тактикасын ойлап тауыпты. Есболат Беделхан, продюсер: - Мен түсіндіре алмаймын. Неге олардан сөйтті. Неге оларға ұқсастырды. Ұқсастығын іздей берсең, бәрімен ұрсыса берсең, ештеңе бітіре алмаймын. Өзіміздің жолымыз бар, өзіміздің бағытымыз бар. Ал, топтың дәл бүгін ресми түрде тұсауы кесілетін тырнақалды туындысы романтикаға толы болмақ. Есболат Беделхан, продюсер: - Бірінші сингл осы клиптің әні «Сөйле» деп аталады. Балалардың өздерінің жазған әні. Бес бала «Сөйле» деп негізі қызға өзінің жүрегіндегін, екеуінің жүрегіндегін ашып, сөйлесейік деген бір... Әрине махаббат, әрине сезім.