Айдана Меденова желіде хат қалдырып, танысуға талпынған жігіттерге жауабын берді

Сообщить о проблеме с эфиром
Айдана Меденованы бейтаныс жігіттер мазалап жүр. Ғаламторда хат қалдырып, танысуға әрекет жасайтын ер азаматтар, әншінің тұрмыста екенін де ескермейтін көрінеді. Өмірлік жарын жолықтырып, бір қыздың анасы атанса да, Айданаға сезімін білдірген серілердің саны толастар емес. Ғаламторда хат жазып, тұрмыстағы сұлу келіншекке түрлі ұсыныс жасап, таң қалдырғандар жетерлік. Айдана Меденова, әнші: - Әр түрлі адамдар болады. Кейбіреулер тіпті қызық жағдайларға кетеді... Меніңше ол жақсылыққа апармайды. Ондай танысуларға қатты мән бермеймін. Ешқандай мағынасы жоқ сіздердің хаттарыңыздың мен үшін. Өз бақыттарыңызды табыңыздар... Айдана сезімін білдірген жігіттерге, енді ән арқылы жауап беріп жүр... Дана Кентай болса, ғаламтор арқылы талай мәрте танысқан. Алайда, курстас жігіттердің желіде қыздарды қалай құрығына түсіретінін көріп, танысу сайттарына бас сұқпайтын болыпты. Дана Кентай, әнші: - Мынандай жерде жұмыс істеймін деп колледжде оқып жүре, жылдарын алдап, үлкен қылып көрсетіп өздерін солай істейтін. Соны көріп мен қорықтым, адамдардың барлығы шындық айта бермейді деп. Ал, сахна серілері керісінше ғаламтордағы махаббатқа сенеді. Өйткені, дәл сол виртуалды әлемде жолықтырған аруларды өмірлік серік еткен. Серік Ибрагимов, әнші: - Келіншегіммен «агент» арқылы сөйлесіп, ол шет елде жүр. Мен осы Қазақстанда жазып, кездесейік деп солай алғаш рет сөйлескенмін. Қазақстанға келгеннен кейін бірақ кездестік. Нұржан Керменбаев, әнші: - Ары қарай араласу керек. Білісу керек, көрісу керек. Мына көздің өзінде біраз нәрсе жатады да негізі. Өтірік айтып тұрғаны, шындық айтып тұрғаны. Адам деген солай танысу керек.