Оқу білім бұлағы! Биыл 350 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.

0:000:00Качество1  АудиоСубтитры
Сообщить о проблеме с эфиром
Инемен құдық қазуға талпынған еліміздің 2,5 миллионға жуық шәкірті үшін бүгін өмірлеріндегі жаңа тараудың беті ашылды. Алғашқы қоңырау соғылып, тұңғыш сабақтар өткізілді. Тоғыз ай бойына білім нәрімен сусындау тәлімгерге де, ұстазға да, шәкіртке де оңай соқпасы анық. Себебі, биыл тағы да білім беру жүйесіне жаңашылдықтар енгізілген.