Жұлдызды ЕХРО! Шоу-бизнес өкілдері Астана төріндегі ауқымды шараға арналған бейнебаянның тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әсем Көпбаева жаңа видеосын жанұясына арнаса, отандық шоу-бизнестегі біраз өнерпаз ЕХРО-2017 көрмесіне орай таспаланған ортақ бейнебаянды жарыққа шығарды.

Күні кеше тұсауы кесілген тың туындыда Жанар Дұғалова, Бейбіт Көшқалиев және Адеми ән салады. Астана төрінде өтіп жатқан ауқымды шараны насихаттау мақсатында түсірілген клипте: қазақтың дархан даласы мен байлығын, Елорданың әсем жерлері және ең алаңсыз бейбітшілікте ғұмыр кешкен балалардың өмірі суреттеледі.

Сондай-ақ, «Жұлдызды ЕХРО» деп аталатын ән қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шырқалған.