Әншілікті ысырып тастап, сән әлеміне ден қойған Виктория Бекхэмді бейнебаян түсіру мәселесі мүлде толғандырмасы айдан анық. Стиль ханшайымына айналған 43 жасар сылқым . Викториядай болу үшін сонымен не істеу керек?!
Сән әлемінің ханшайымы Виктория Бекхэм қырық үш жасқа келсе де, күн сайын құлпыра түсер, көркі көз тартар сылқым. Төрт баланың анасы атанған дизайнер, көпшілікке жасырмай-ақ өз сұлулығының сырын жайып салды.
Виктория ханымның бет терісі біз ойлағандай оу бастан мінсіз болмаған екен. Келбеті көңілінен шықпаған соң диетолог маманның кеңесіне де жүгінген. Жұлдыздың терісінің жарқырауына септігін тигізген сиқырлы тағам – қарапайым қызыл балық. Ең бастысы тәртіп бұзбай, балықпен күніне үш рет тамақтану.
Одан бөлек, сұлу сылқым ешқашан халық алдына әрленбеген күйде шықпайтынын айтты. Француздық косметиканың үйінде иін тіресіп тұрғанын жасырмаған ол, ерте жастан бастап боянуға үйір болғанын сөз етті.
Қол күтіміне келгенде, Виктория ханым аса шығынданбауды жөн санайтын сияқты. Дәулетті футболшының әйелі үшін, небәрі 4 долларлық, яғни 2000 теңгелік крем - мінсіз қол терісінің кепілі.
Көпке күлкілі болып көрінетін Виктория Бекхэмның сұлулығының тағы бір сыры – әрдайым өзімен бірге магиялық қара кристал алып жүруі. Дизайнердің сөзінше, асыл тас емдік әрі позитивті энергия сыйлап, көрікті көрінуге септігін тигізеді екен.