Tанымал жастардың біразы жоғарғы білімді жұлдыздардың қатарын толықтырды

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше, танымал жастардың біразы жоғарғы білімді жұлдыздардың қатарын толықтырды. 4 жыл бойы студент атанған олардың енді қолдарында бір-бір дипломы бар. Қыз-жігіттердің кәсіби маман ретінде алдағы жоспарлары қандай екен?!

Отандық телехикаялар арқылы қалың көпшілікке танылған Жәния Қалиева да күні кеше студенттік өмірмен қимай-қимай қоштасты. Бакалавр дәрежесін иемденген актриса үздік түлектердің тізімінде, қызыл дипломы қанжығасында. Өнер академиясында 4 жыл білім алған ол, «режиссер» мамандығын тәмәмдаған.

Жәния Қалиева, актриса: -Шынайы эмоцияларды түсіргенді жақсы көремін кішкентайымнан. Сондықтан болар, бұл профессия, бұл таңдау, жаңағы мұндай таңдауға, мұндай шешімге келгенім сондықтан болар. Қолымда димломым болғанымен, әлі де талай жұмыс жасау керек. Талай тәжірибе алуы керек. Сол себепті әрине жоспарлар бар. Бірақ, оған жету үшін біраз жұмыс жасау керек!

Иә, «Алашұлының» кенжесі үшін де студенттік шағы енді - естелік. Ерзат Рамазанов, Жүргенов атындағы өнер ошағында 4 жылда бір қабылданатын «мюзикл актеры» мамандығы бойынша білімін шыңдаған. Көк дипломын қолына алған өнерпаз бүгінде «Алашұлы» тобында ән салып, Елордадағы «Астана мюзикл» театрында қызмет етіп жүр.

Ерзат Рамазанов, «Алашұлы» тобының әншісі: -Әрине оны 4 жыл оқып, ол мамандықты, «мюзиклдің» қандай керемет мамандық екенін біліп тұрып, тастап кету қиын. Оның ішінде қайнайсың! Оның сорпасымен бірге сорпа боласың! Өйткені Қазақстанда мюзикл әлі дамыған жоқ қой! Үкіметтің бір осы мюзикл театры бар. Соны дамыту үшін біраз үлес қосамын деген ойдамын.

Сонымен қатар, жоғары білімді жұлдыздардың тізімін толықтырған түлектердің қатарында әнші Айри, Рензолық Жанболат Ертаев және Алау тобындағы Хамит пен Ербол да бар.