«Шулы әлемдегі тыныштығым.» Бір жыл бұрын сүйгенінің суретін дәл осындай жазбамен жүктеген Айгүл Иманбаева желі жұртшылығының қызығушылығын оятқан еді. Біраз уақыт жұбайының жүзін жасырып, отбасылық өмірі жайлы аса тіс жармаған әнші биыл сүйгенімен шыт тойларын атап өтті.
Ақжан Жайсаңбаева, А. Иманбаеваның енесі, «Айгүл» халық ансамблінің солисі:
– Менде нағыз Эксклзив қой. Айгүл ханымның енесі. Біз бұл кісінің қандай талантты актриса, әнші екенін білеміз. Ал Айгүл ханым қандай келін? Айтып беріңізші?
– Келінім сондай керекмет, көңілі ашық, ақкөңіл. Өтен қуаныштымын осындай келінім болғанына.
– Ал мен қуаныштымсын осындай анам барына, қос анам бар.
Келін ененің топырағынан деген тәмсіл осы кісілерге арналғандай. Бұлай деуіміз бекер емес. Иманбаеваның екінші анасы да өнер адамы. Нақтырақ айтсақ, 70-жылдары атағы дүркіреген «Айгүл» халық ансамблінің солисі. Ал ең қызығы, әртістің есімін дәл осы вокалды-аспаптық топтың құрметіне Әйгүл деп қойған екен.
Айгүл Иманбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:
– Отбасылық өмір қалай әсер етіп жатыр?
– Енді мен басында сезген жоқпын. Өтірік айтпай-ақ қояйын. Өйткені 25 жыл жалғыз өмір сүрген адаммын. Айналаңда күйеуің, енең, абысының пайда болады. Оның барлығына үйрену оңай болған жоқ. Бірақ дегенмен күйеуімнің қолдауының және анамның шығармашылық адам болғанының арқасында маған қатты біліне қоймады. Бірақ өзімді әйел ретінде биыл ғана сезіндім.
«Барған жерімде келінге деген қатып қалған тәрбие жоқ»,- дейді Айгүл Иманбаева. Десе де қазір әр айтқан сөзі мен басқан қадамына екі есе жауапкершілікпен қарайтынын жасырмады.
Айгүл Иманбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:
– Мына сұрағымды орынсыз дей көрмессіз. Бірақ құрбыңыз Баян Есентаева елуінде ана атанып, бәрін таңғалдырды ғой. Сізде ондай жоспар жоқ па?
– Бұйырған кетпейді.
Ақжан Жайсаңбаева, А. Иманбаеваның енесі, «Айгүл» халық ансамблінің солисі:
– Бұйырса барлығы болады. Иә, күтіп жүрміз. Алланың қолында барлығы. Кеттік. Әйтпесе барлық құпиямызды айтып қоямыз.
Айгүл ханым бізден құтылғанымен сұрағы сақадай сай әріптесіме ұрынды. Қанша асыққанымен ғұмырының ширек ғасырдан астамын өнерге арнаған әртіске шығармашылығына қатысты сауал жолдамасқа болмас. Себебі өнерпаздың қоржынында жаңалық жетерлік. Мәселен Лондонда қазақтардың басын қосып, жеке шығармашылық кешін ұйымдастырды.
Айгүл Иманбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:
– Барып концерт бердім. Жоғары деңігейде өтті Шабыт алып қайттым. Соның артынша Испанияның Мадрид қаласындағы қандастар, елшілік естіп, «Неге біз ұйымдастырмаймыз Айгүлдің концертін?» «Неге бізге келмейді? Біз де Англиядағыдай концерт өткіземіз ғой»,- деп шақырту алдым. 29-сәуір жеке концертім Мадрид қаласында.
Мадридтен кейінгі локация Түркияның Стамбул қаласы. «Одан соң Моңғолияда шығармашылық концерт өткізу жоспарда бар»,-дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері.