Aport Mall East өз тұтынушыларына тағы бір ерекше мүмкіндік сыйлап, бір жанды баспаналы етті. 30 қарашадан бастап, наурыз айының соңына дейін жалғасқан ұтыс ойынына қатысу үшін, аталмыш орталықта сауда жасап, сатып алған заттың түбіртегін тіркеу жеткілікті еді.
Сабыр Жансагимов, «Aport» моллдарының басшысының орынбасары:
– Бұл шараны біз Aport Mall West- тен бастағанбыз. Бірнеше жылдан бері осы шараны қолданып, біздің Қазақстанның әрбір азаматын қуантып келе жатырмыз. Және де үлкен бір қуаныш деп ойлаймын.
Жүлделер қатарында тұрмыстық техникадан бастап, екі бөлмелі пәтерге дейін болды! 5 айға созылған байқауға 20 мыңнан астам адам қатысқан. Ал ақтық кезеңде 8 мың үміткер күн райының күрт бұзылуына қарамастан жеңімпазды анықтауға жиналды.
Талғат Ойлыбаев, «Dream City» жобасының жетекшісі:
– Биыл біз компанияның 30 жылдығын атап өтудеміз. Ең алдымен, осындай сенім білдірген барлық тұрғындарға алғысымызды айтқымыз келеді. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біз тұрақты дамып, болашағымызды бірге қалыптастырып келеміз.
5 жылдан астам қонақтарын түрлі тартулармен қуантып келе жатқан Aport Mall ұжымы бұл жолы да ерекше тосынсый әзірледі. Көңілді кеште Бүркіт пен Аиша өнер көрсетіп, сүйікті әндерін орындады. Сондай-ақ, жұлдыз жұп 500 мың теңгеге сауда жасап, жаңа қоныстан үмітті екендерін де жасырмады.
Бүркіт & Аиша, жұлдыз жұп:
– Біз де қатысамыз. Біз де сатып алғанбыз біраз нәрсе, сосын купон алып, біз де қатысып жатырмыз енді... Бірақ енді біз ұтып алсақ ешкім сенбейді-ау. Біз ыдыс жуатын машинаны сатып алдық.
2 сағатқа созылған шара соңында пәтер иесі белгілі болды. Жеңімпаз Aport Mall-дың дәстүрлі әдісі – сахнадағы реквизит есікті ашу арқылы анықталды. Бұл жолғы бас жүлде Тараз қаласының тумасы, Жасұлан Абайділдәға бұйырды.
Жасұлан Абайділдә, пәтер жеңімпазы:
– Әсерім өте күшті, мықты. Сенбедім басында. Қазір күшті болып тұрмын өзім. Үйлі болатыныма сендім. Таза әділ, жақсы болды. Апорт Моллға тек қана сәттілік. Алға деймін. Осындай ұтыстар көп бола берсін. Көп-көп рақмет.
Ойын-сауық орталығы мұнымен шектелмек емес. Mall өкілдері алдағы уақытта да түрлі ұтыстар мен тосынсыйлар әзірлейтінін мәлімдеді.
Сабыр Жансагимов, «Aport» моллдарының басшысының орынбасары
– Бастапқы бір мақсатымыз әрбір қазақстандықтарды бір қуаныш сыйлау. Әрине біздің ойымызда алдыңғы жылда тағы да осындай іс-шаралар, осындай акциялар болады. Ол туралы біз жақын арада тағы да айтамыз.