Аша Матай алғаш рет Баян Алагөзовадан туған кіндік қызы туралы айтып берді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar

Таяуда ғана Баян Мақсатқызы мен Тұрсен Алагөзов 50-ге келіп ата-ана атандық деп жұртты дүр сілкіндірген-ді. Бұл халықтан бұрын, продюсердің жақындарына да күтпеген жаңалық болған екен. Мәселен, медиа тұлғаның інісі Айдар Асқарбек пен жары Жарқынай Ханайым отбасылық қуанышты жұртпен бірге әлеуметтік желіде білгенін айтады.

 

Өздеріңіз қалай қабылдадыңыздар? Күттіңіздер ме? Білдіңіздер ма? Қазір балалардың жағдайы қалай қыздардың?

Айдар Асқарбек, Баян Мақсатқызының інісі, актер:

Әлі көрген жоқпыз,шынымызды айтайық. Енді әрине, біз де халық сияқты күткен жоқпыз. Таң қалдық. Қуандық тура халық сияқты енді.

Жарқынай Ханайым, Баян Мақсатқызының келіні, актриса, әнші:

Біз де күткен жоқпыз, әрине Айдар менен естіді. Мен инстаграмнан көрдім. Сондықтан біз өте қуаныштымыз. Шыны керек, ол кісілер осындай бір осы жасқа келген кезде ата-ана болғаны, шыны керек, біздің өміріміз енді ғана басталып жатыр екен ғой

«Асықпай арнайы танысармыз» деген жұп жақындарының Дубайдағы демалысынан оралуын күтуде. Сондай-ақ, Баян мен Тұрсеннің орта жаста сәбилі болуды ұйғаруы «біз секілді жас отбасыға үлкен мотивация мен өмірге ерекше құштарлық сыйлады», - дейді.

Жарқынай Ханайым, Баян Мақсатқызының келіні, актриса, әнші:

Түсінген адамға алатын мотивация өте көп. Сондықтан біз өте қуаныштымыз. Мен өзім естіген кезде көзіме жас алып керемет сезімде болджым. Баян мақсатқызы мен жолдасы үшін бірге қатты қуандым. Білмеймін енді бүкіл қазақстан солай қуанды деп ойлаймын.

 

Ал Мақсатқызының сәбиіне кіндік шеше болу құрметіне ие болған Аша Матай Алма Тұрсенқызымен арнайы танысқан. «Кіндік қызым әкесінен аумайды», - дейді ол.

Сіз жақында кіндік ана болдыңыз, иә? Ол әсермен бөліссеңіз. Білдіңіз ба болатыныңызды?

Аша Матай, Баян Мақсатқызының сіңлісі, әнші:

Керемет сезім, әрине. Оны білу мүмкін емес. Сондықтан дәл сол күні қырық күндік той өткізіп жатқан кезде Баян ханым айтты және әрине мен қуана-қуана келістім.

Енді қазір қызыңыздың жағдайы қалай?

Жақсы, шүкір өсіп жатыр, әп-әдемі сұп-сұлу қыз болып. Ақылды болып

Кімге ұқсайды екен?

Ақылды өзі әкесіне ұқсайды, Тұрсен ағамызға ұқсайды.