Orynkhan, музыкант:
– Күшті. Жақсы сезімдер. Әдеттегідей қатты ұнады. Концерт шынымен өте әсерлі, адамдар да өте ашық. Бүгін әндер кішкене өзгеше болды.Скрипка қостық, кішкене музыканың аранжировкасын өзгерттік. Образдың өзін көрдіңіздер ма? Образ, осындай, осындай, қанатымен. Керемет образ.
Орынхан Рахимбековтің кеші нағыз соло концерт болды. Себебі жүргізуші де, лейблдегі әріптестері де сахнаға шыққан жоқ.
Бірақ акустикалық формат болғандықтан, арнайы бэнд музыкалық сүйемелдеу жасады. Кештің негізгі айырмашылығы да осыда. Барлық туындылар оркестрдің көмегімен жанды дауыста шырқалды. Сондай-ақ, Орынханның әріптесі - Kunzharyq тобының басты вокалисті Али қолдау көрсетуге келіп, жылы лебізін білдірді. Бұл тізімде Рауан Романи де бар.
Ali, «Kunzharyq» тобының вокалисті:
– Орынхан, жеке кешің құтты болсын. Адамдар лық толып жатыр және сен үшін өте қатты қуаныштымын. Осы күнге жету үшін сен өте көп еңбектендің. Күнің құтты болсын.
Рауан Романи, актер:
– Әндеріне қарасаңыз, мағыналары өте терең, өте... душаға бүйтіп кіреді дейді ғой, терең сөйтіп кіреді да, әндері, сөздері. Жалпы шығармашылығы өте ұнайды маған Орынханның.
Концерттен бірнеше күн бұрын Orynkhan релиз жасаған еді. Дәл осы трек кеште алғаш рет үлкен сахнада шырқалды.
Orynkhan, музыкант:
– Бүгін иә, жаңа екі ән орындадым. Біреуі осыдан, 12 қараша шықты. Сол әнді орындадық. «Qanat jaia» деп аталады. Және аты жоқ бір ән бар, жазылмаған да. Сонымен бір тексеріп көрдік өзімізге де. Сонымен күшті болды.
Алдағы уақытта да Орынхан шығармашылығын белсенді түрде жалғастырмақ. Жоспарлар тізімінде ерекше коллаборация да бар. Ал, нақты кіммен екені әзірге құпия...