Сахнада 20 жыл! Әлішер Кәрімов есеп беру кешін өткізді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлішер Кәримов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Әлі де тыңдармандарыңызды жоғалтпай келе жатырсыз. Құпиясы неде?

Күнде дайындалып жүреміз. Концерт болсын, болмасын күнде дауысқа жаттығу. Денеге жаттығу, преске жаттығу қарыным шығып кетпеу үшін. Әйтпесе ертең қызықсыз болып қаламыз көрерменге. Арасында косметологқа да барамыз.

Шығармашылығына ширек ғасыр толуына орай ұйымдастырылған кеште Мақпал Жүнісова бой көрсетті. Қазақтың ерке қызы Каримовтың өнерін жоғары бағалайтынын айта келе кезекті дуэттін тұсауы кесілетінін хабарлады.

Мақпал Жүнісова, Қазақстанның Халық әртісі:

«Мәңгілік махаббат» деген ән. Ол әнді де кезінде керемет қабылдады. Лирикалық махаббат туралы ән. Одан кейін Жүрегім бұзығым-ай әні. Мынау үшінші шығып жатқан екідауыстағы ән. Мерейлі концертіне арнайы жазылған.

Әлішер Кәрімов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Әлі де шерлі Мақпал жүрегім. Әлішер де бар, Мақпал да бар. Екі әншінің жүрегі бір әнде қосылған. Құдай қаласа Мақөпал апаймен міндетті түрде клип түсіреміз.

Әлішер Кәрімов талай вокалдық байқауларда ел намысын қорғап, үздіктер қатарынан табылған. «Славян базары», «Новая волна», «Ереван шақырады» сынды халықаралық додаларда жанкүйерлік еткен тыңдармандары бүгін де Алишердің жанынан табылуға асыққан.

 

Көрермен пікірі:

10 жасымнан бері, қазір жасым 27-де бала кезімнен тыңдаймын әндерін, әсіресе келемін саған әні.

 

Айтпақшы, махаббат жайлы лирикалық әнді орындаған соң қазақтың ерке қызы Әлішерге көптің көкейіндегі сауалды жолдады.

Бір сұрақтұр енді. 5 жыл бұрын үйлен дегенде жақында деп ең. Әлі үйленген жоқсың ғой.

Сіз сияқты сұлулар болмай тұрғаны...

Сахнада осындай жауаппен сытылған әншіге бұл сұрақты концерттен кейін бізге де жолдадық.

Әлішер Кәрімов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Жүрегіңізді жаулаған ару бар ма?

Әрине музам болмаса концерт берем бе, шабытпен шығам ба? Махаббат туралы ән жазыла ма?

Демек тойдың ауылы алыс емес.

Әрине, Қазақтың тойы бітпесін

Алишер Каримов бұл кеште кеңінен көсілді. Сахнада қазақша да ағылшынша да ән салды. Ретро әндері мен халық әндерін де орындады. Кештің ортасында балерон жігіттерден қалыспай қара жорға биледі.