Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ауқымды «Tribune» премиясы биыл төртінші мәрте өзінің жеңімпаздарын анықтамақ! Аталмыш шарада жарнама мен маркетинг саласының үздік өкілдері бақ сынайды. Номинаттар тізімінде – НТК телеарнасы да бар. Нақтырақ айтсақ, «Мошенники» және «MEOW» телехикаялары.
«Tribune» марапатының шорт-тізіміне өту үшін: өзекті тақырып, фактчекинг,
сапалы контент және миллиондаған қаралым қажет. Жоба авторлары медиа саланың үздіктерін 5 түрлі номинация бойынша саралайды. Ол: «Үздік сұқбат», «Үздік жаңалық», «Үздік мақала» және «Жылдың басты назары»
– Бізге бұл жобаның мақсаты жайлы айта кетсеңіз...
Анна Тютькова, Орта Азия Жарнама Ассоциациясының директоры:
– «Tribune» марапаты жарнама және маркетинг саласына арналған Қазақстандағы онлайн жалғыз платформа. Мақсатымыз – PR бағыты бойынша еліміздің нарығын дамыту. Ол үшін біздің кәсіби мамандар жастармен жиі нетворкинг жасайды.
Биыл «НТК» арнасы «Үздік мақала» номинациясы бойынша үміткерлер тізіміне енген. Нақтырақ айтсақ, «Tribune» сайтына жүктелген «Мошенники» және «MEOW» телехикаялары жайлы мақала үлкен резонанс тудырған.
Анна Тютькова, Орта Азия Жарнама Ассоциациясының директоры:
– Бұл телеарна үшін таптырмас кейс. Себебі ойын-сауық каналы болса тұра, қоғамға пайдасы зор актуалды тақырыптарды қозғау деген батылдық деп ойлаймын. Әлеуметтік контенттің өзі ерекше сценарий арқылы месседжбен берілген.
Еске салсақ, «Мошенники» телехикаясы киберқарақшылардың алаяқтығы жайла болса, «MEOW» жобасы нашақорлыққа қарсы күресетін 3 достың хикаясын баяндайды. Криминалды драмада есірткінің қандай амал-айла арқылы түнгі клубтар мен жасөспірімдер жиналған орталарға тарайтыны айқын көрсетіледі.
Ал «Tribune» марапатында 2024 жылы ресми сайтта жарық көрген материалдар арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар туынды ғана ұсынылған тақырып бойынша бәйгеге түседі. Әрбір номинацияға 5 үміткер таңдалып, олардың арасынан қазылар алқасы анонимды дауыс беру арқылы өздерінің фавориттерін анықтайды.
Аида Татаева, «Tribune» премиясының әділ-қазы мүшесі:
– Номинанттар тізіміне өту үшін қандай бар бір талаптар қойыла ма?
– Қатаң талаптар жоқ деуге болады, ең бастысы таңдалған контенттің сапасы мен қаралымы маңызды. Материал біздің онлайн сайтымызда сұранысқа ие болуы қажет.