EURASION FASHION WEEK 2024 биыл несімен ерекшелінбек?

Сообщить о проблеме с эфиром

EFW: Future for Female! Осындай атау алған биылғы EURASION FASHION WEEK әрбір әйелге шабыт пен сенімділік сыйлайтын алаң болары сөзсіз. Сондай-ақ, қоғамдағы түрлі әлеуметтік мәселелерге сән арқылы жеткізуді көздейміз»,- дейді ұйымдастырушылар. Фэшн апталықтың осы және басқа да маңызды мақсаттарын арнайы медиа бранчта тарқатылды.

Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:

Осы маусымда бенефициар әйелдер өздері дайындаған коллекцияларын ұсынады. Біз оларға тек тігін тігуді ғана емес, қаржылық сауаттылық, SMM сияқты түрлі салалар бойынша шеберлік сағаттарын өткіздік. Кәсібін дағдысы дамытып, ісін дөңгелетуге мүмкіндік беретін жаңа өмірге жолдама сыйладық десек артық айтқанымыз емес.

Сән апталығы аясында алғаш рет трендтегі plus size киім үлгілері ұсынылады. Осы арқылы Eurasion fashion week сән мен сұлулық ұғымының шексіз екенін, стильдің стандартты өлшемге бағынбайтынын ұғындырмақ.

Диана Снегина, EFW PR-директоры:

EURASION FASHION WEEK – тің 8-маусымында plus size өлшемдегі модельдер подиумда бой көрсетеді. Бұл арқылы EFW заман ағымына ілесіп, сән әлеміндегі өзгерістерді көрсететінін тағы бір мәрте айқындағымыз келді. Біз әрқайсысымыз әртүрліміз. Сондықтан барлығымыздың ерекшелігіміз ескерілген топтамаларды бір алаңда тоғыстырамыз.

13 қараша шараның алғашқы күні. Отандық және шетелдік дизайнерлер коллекциясының көрсетілімі ұсынылады. Ал KIDS WEEK аясында ерекше балалар сән көрсетпек. Сондай-ақ, жас сәнгерлер өз коллекциясын ұсынып, өзара үздіктерді анықтайды.

Диана Снегина, EFW PR-директоры:

– Биыл да әдеттегідей жас дизайнерлердің байқауы өтеді. 130 өтінім келіп түсті. Алғашқы кезеңде 41 таңдап алдық. Кейін тағы іріктеу өткіздік. Енді жартылай финалда 12 сәнгер өз коллекциясын көрсетеді. Ал жеңімпаз Еуропа Дизайн институтының стипендия иегері атанады.

Медиа-бранчта елімізге танымал жұлдыздар, сәнгерлер мен инфлюенсерлер бас қосты. Биылғы фэшн-уиктің басты бейнесі – 22 млн оқырманы бар Орта Азияға белгілі тик-ток жұлдыз – Юджин Тен.

Юджин Тен, блогер,тиктокер:

8-маусымның шымылдығын мен ашамын. Сіздерге керемет қойылым дайындадық. Фэшн-уикке арнайы ән жаздырдым. Осы перфонманстан кейін сән көрсетіліміне шығамын. Одан кейін де 2 күн қатарынан EFW-те өнер көрсетемін. Барлықтарыңызды күтемін!

EFW-те түрлі жұлдыздар бренд-амбасадор атанады, сән көрсетеді. Сізге түсті ме осындай ұсыныс?

Назым Әбілдина, әнші:

– Ондай ұсыныс әзірге түспеді. Неге? Үш жыл бұрын үзіліс алмай тұрып, модель ретінде көрсетілімдерге шығатынмын. Қазір енді қайта қолға алып жатырмын. Мүмкіндік шақырып қалар...

Стиль мен сұлулықтан сыр шертетін апталық қараша айының 13-і басталып, екі күнге созылады. Жылдың басты трендтерінен хабардар боламын десеңіз, қапы қалмаңыз.