Айдай Исаева енді әнші! Тележүргізуші, модель музыкалық мансабын қолға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:

– Әншілікке бет бұрыпсыз, не себеп болды? Жоқ, әлде арулардан қыз ұзатып беріңіз деген ұсыныстар көбейді ма?

Айдай Исаева, тележүргізуші, әнші:

– Біріншіден мен негізі бұрыннан ән айтамын. Бірақ енді керемет даусым бар деп айтпай-ақ қояйын. Мені бұрыннан бері танитын адамдардың барлығы біледі.

«17 жыл бимен айналысып, 15 жасымнан түрлі музыкалық топтарда ән шырқағанмын» деген Исаева, кейіннен сүйікті хоббиінен қол үзіп қалғанын айтады. Оған себеп – әкесінің өнер жолын мамандық ретінде көрмеуі екен.

– Мен әкемнің жалғыз қызымын ғой, екі інім бар, «хороший диплом хороший муж» деді маған. «Сен медицинаға түс, не қыласың» деді. Сонда да өнерге келдім ғой. Сонда 7 жыл бекерге өтті ма деймін да анама. Мен де аспаннан келіп салбырап түскен жоқпын. Қайтадан қолға алам деп шештім.

– Енді әрі қарай ән карьераңызды жалғастырасыз ба? Оны жолдасыңыз қолдай ма?

– Негізі жолдасым қарсы емес, осы уақытқа дейін кішкене қарсы болғандай болды, не қыласың, сен тойға шықпай ақ қойсай дегендей болды. Жоқ мен ұзатамын дедім. Ал бірақ тойға басқа әндерді айтпаймын.