ЭКСКЛЮЗИВ! Таяуда ғана қайта қосылған Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым үлкен шаңырақтан неге бөлініп шыққанын ашып айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:

Шоу-бизнестегі ең жарқын жұпты кинопремьералардың бірінде көріп қалдық. Бақыттан бал-бұл жанған екеу, қайта табысқалы әлеуметтік желіде өте белсенді.

- Өмірлеріңіз де бір жаңа деңгейге өсіп жатқан сияқты? Әлеуметтік желіде белсенді бір-бірлеріңізді ерекше мейірім-махаббатпен салып жүрсіздер, ол қалай бөлек тұрғанның себебі ме?

Айдар Асқарбек, актер:

- Енді ол біздің өмірлік қазіргі тәтті болып жатқан кездеріміз, кезеңдеріміз. Бөліскіміз келеді.

Жарқынай Ханайым, актриса, әнші:

- Мүмкін қазір екеумізде осындай бір сәтке дайын шығармыз бөлісуге деген сияқты, мүмкін осыған дейін дайын болмадық. Тек қана бөлек тұрғаннан емес жалпы біздің жанұямыз барлығымыз қосылып қалсақ, ол контент қой енді бәрімізге.

Айдар Асқарбек, актер:

- Оның алдында енді бөліспегеніміз бір тәжірибеміз болмағаны ма, әлде..

Жарқынай Ханайым, актриса, әнші:

-Қалай жасауды да, қалай монтаждауды да, қалай контент жасау керектігін енді енді үйреніп жүрмін Айдар қолдап жүр.

Бүгінде жас отбасы ата-анасынан бөлек тұрады. Үлкен шаңырақтан енші алу Айдардың әуелден ойында болған екен.

- Бөлек тұрған қалай екен, айырмашылық бар ма?

Айдар Асқарбек, актер:

- Енді мен үйдің үлкені болғаннан кейін, әрине жоспарлап жүргем. Айырмашылығы бар, үлкен шаңырақта тұрып жатқаннан кейін қатты ұрыса алмайсың, сөздің шындығына келейік. Кейде бір сөзіңді тыйып. Мына жақта енді өз пікіріңді ойыңды айта аласың. Бірақ енді өз үйіңдегідей сезінесің да.

 

Көрермен көзайымына айналған жұп барлық назарын тұңғыштары Айланаға аударған. Уақыттарының көп бөлігі түсірілім алаңында өтсе де, Жарқынай мен Айдар қолдары қалт босаса, бұрымдысын күтушіге қалдырмай бірге уақыт өткізуді, түрлі мәдени шараларға баруды жөн санайды.

Жарқынай Ханайым, актриса, әнші:

- Күтушісі де бар, бірақ біз көбінесе көпшілікке үйрене берсін деп осылай өзімізбен бірге. Ол да бір мәдениет негізі бала үйрену керек. Сондықтан алып жүреміз екеуміз бірге кезімізде.

- Өздеріңізден ортақ жұмыс көреміз ба?

Жарқынай Ханайым, актриса, әнші:

- Енді жалпы отандық продюсерлер тағы да бізді екі ғашық ретінде көретін болса ұсыныстар болатын болса, әрине барамыз.

Алдағы уақытта ғашықтар өздерін табыстырған «Рауза» жобасына жанры ұқсамайтын бөлек туындыда бой көрсетуге ниетті.

Айдар Асқарбек, актер:

- Бұл біздің жұбымызды қосқан проект. Жарқынай екеуміз басқа да образда ашылсақ екеуміз жұп болып деген үміттеміз енді. «НТК» арнасы егерде бір қызықты бір жобаларыңыз болса, біз дайынбыз!

Жарқынай мен Айдар ұсыныстарға ашық.