Ер шекіспей, бекіспейді! Еркебұлан Дайыров жас жігіттерді жасқаншақ болмауға шақырды

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Еркебұлан Дайыров пен Ерболат Әлқожа қылмыстық ұйымның мүшесі. Олар заңға қарама-қайшы келетін бұзақылықпен айналысып жүр. Тіпті қос актер жастарды да жаман әдетке итермелеген. Бұл - «Стремяги» криминалды драмасының концепциясы.

Том, Азик, Кантосик және Сэм! Дәл осы төрт жігіттің хикаясы «Стремяги» фильміне негіз етіп алынған. Көшенің тәрбиесін көріп өскен бозбалалар, криминалды әлемге тенеді. Ал оларды бұзақылыққа үгіттейтін басты антогонист – Еркебұлан Дайыров.

Еркебұлан Дайыров, актер

- Енді ностальгия деген нәрсе әрдайым болады ғой, өткенге құрметпен қара оның жақсы жаманын қарап сараптау уже кино арқылы көрсету менің ойымша дұрыс құрал, дұрыс қадам.

Әлішер Исмаил, актер

- Бұл фильм керісінше жастарға сондай криминалдық өмір сүру керек емес екенін көрсетеді.

Достық, сатқындық және махаббат. 1990-2000-шы жылдарды көрсететін картинада кейіпкерлер түрлі эмоцияны сезінбек. Олар өзінен әлсізге күш көрсету, жеңіл ақша табу және билікке ұмтылу үшін жандарын беруге әзір. Басты рөлге: Дамир Мәдиев, Шыңғыс Раш, Дидар Төлеген, және Әлішер Исмаил таңдалып алынған.

Әлішер Исмаил, актер

- Жоба авторлары айтып жатыр, сіздерді киноиндустрияның жарық жұлдыздары деп, келісесіздер ме?

- Оны көрермендер айтсын, мен Дидарға қосыламын

- Ал қыздардың крашы дегенге қалай қарайсыздар?

Дидар Төлеген, актер

-Ол уже мына жігітке, оны құптаймыз, иә

Лентада Ерболат Әлқожа да маңызды кейіпкерлердің бірі. Актердің амплуасы өзгермегенімен, бұл жолы имиджінде ерекшелік бар.

Ерболат Әлқожа, актер

- Көзіңізде линза ма?

- Себебі ана көз өткірлігі, жаңағы адамға басқа бір сұс беру.

- Ерболат аға бұл жолы да тағы да жағымсыз кейіпкерді сомдаймыз демеңізші?

- Жалпы жағымсызға жақын, бірақ соншалықты емес.

- Өзіңіз өзгелермен сөзге келіп, төбелескен кездеріңіз болды ма немесе таяқ жеген?

- 2-ақ рет бір жеңгенім бар оның өзі әлсіз адамдарда. Көбінесе мен таяқ жегенмін.

Еркебұлан Дайыров, актер

- Таяқ жеген кез болды ма?

- Әрине болды.

- Ал қазіргі таңда жас жігіттерге айтар кеңесіңіз бар ма?

- Жоқ өзі тисе ұрсын. Енді қалай болғанда да біздер айтар болсақ, әрине, түзу жолмен жүріп, өзінің адал асын тауып, дұрыс әке, дұрыс бала болғаны ол қоғамға керек нәрсе ғой. Бізге сол нәрсе жетіспейді қазір.

Еркебұлан Дайыров, актер

- Бұл жоба несімен қызықтырды?

- 90 жылдардағы иә қылмыс әлемінің серкелері туралы біздер енді біраз кинолар бар, бірақ мен өзім түсіп көрмеппін, сол үшін қызықты болды маған, сценарийі шынайы өмірге негізделген, сол себепті маған ұнады өзімнің кейіпкерім де ұнады сол себепті келістім.

Фильмге 90-шы жылдардың вайбын беру үшін Алматы мен Қарағанды қалаларының ескі ғимараттары таңдалып алынған. Киногерлер көбіне реквизит пен қолдан жасалған декорация тығырықтан алып шықты дейді.

Еркебұлан Дайыров, актер

- Түсірілім алаңында жас актерларды байқап жүрміз, кеңесіңізді беріп отырасыз ба?

- Енді қазір ондай бір кеңес беретіндей ештеңе бола қойған жоқ осы жобада, балалардың бәрі қамшы салдырмайды, ол әрине қуантатын нәрсе. Жалпы егер иә, ақыл кеңес сұраса аянып қалатын жеріміз жоқ.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Қарағандылық қарапайым төрт дос, кинодағыдай бандит болып, өздерінен әлсіздерді басқарсақ деп армандайды. Кішігірім бұзақылық пен қоқан-лоқы көрсетіп жүріп, қалай криминалды әлемнің мүшелері болып кеткендерін байқамай қалады.