Түркияның танымал әншісі Мурат Япырак Сабина Мовлаеваға қандай ұсыныс тастады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сабина Мовлаева мен Мурат Япырактың таныстығы дәл осылай туған кешінде басталған. Танымал Түркиялық музыкант әншіні бірден байқап, зерттеуге кіріскен.

Сабина Мовлаева, әнші, блогер:

Ол кісі Нұрдәулет деген білесіздер, блогер досымның туған күінне барғанда сол кезде ол қонақ болып келген әнші болып. Сол кезде өзі мені көріп инстаграмға жазды «дуэт айтайық» деп. Қазір дуэтіміз бар.

Мурат әнді дайындауды толық өз мойнына алған. Туындының аранжировкасы да Япырактың қолынан шыққан.

Сабина Мовлаева, әнші, блогер:

- Аранжировка бәрі өзі жасады

– Ал, қай тілде орындалды?

-Ол түрікше айтты, мен қазақша айттым. Алла жазса, Стамбулда клипімізді түсіреміз. Потом айтамыз қай күні шығатынын.

Мурат бей бейнебаянның жұмысына әлдеқашан білек сыбана кірісіп кеткен көрінеді. Сабинаға тез арада қамданып, Түркияға бару ғана қалып тұр.

Сабина Мовлаева, әнші, блогер:

- Түсіретіндер де түріктер болады. Стилисттер де түріктердің, макияж бәрін жасайтын адамдарды Турциядан алдыртып жатырмыз. Мурат Япырактын командасы бар екен, сол мен тек келсең болды деді ғой.

Ең қызығы, барлығына жомарттық танытқан Япырак-тегі бейнебаянның қаражатына келгенде, Мовлаеваның өзі шығындалғаны дұрысырақ деп шешкен. Десе де, коллаборрацияға демеуші тез-ақ табыла кеткен. Музыканттың Түркиядан келген кәсіпкер досы қос өнерпаздың тандемін жүзеге асырмақ.

Сабина Мовлаева, әнші, блогер:

- Спонсор мені көріп, «ммм, жақсы-ақ екен» деп, «давайте мен өзім түсіремін»,- деді. Сөйтіп, ол кісі спонсор болайын деп жатыр.

  • Ол кісіні немен баурап алдыңыз?
  • Ол кісі мені зерттеген ғой инстаграмымды, тиктогымды и менің адамгершілігім ұнапты оның айтуы бойынша.

Мовлаева мұнымен шектелмек емес. Ирандық әнші Араштың да көзі түсіп, дуэт жазуға ұсыныс тастай ма деген ниетте...

Сабина Мовлаева, әнші, блогер:

- Менің арманым - Арашпен айтқым келеді, хотя он постарел же. Менің өзімнің натурам востокқа келеді ғой енді.