Ақбота кинодағы мансабына мықтап кіріскен. Жыл соңына дейін басталған жобаларының түсірілімін аяқтап, жиған-тергеніне Түркиядан пәтер сатып алуға ниетті. Себебі, бикешке түрік киногерлері оңтайлы ұсыныс тастаған.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса:
- Алла нәсіп етсе сол Турцияға көшу жоспарда бар. Бір жыл дайындыққа кеткен болатынмын, енді маған сәттілік тілеп қойыңыздар. Маған білім алу керек алдағы уақытта тағы да, іздену керек. Енді түрік тілі кішкене бізге жақын ғой, сол себепті де тіл үйрену керек.
«Болашағымды тек Босфор бұғазының маңында көремін» деуіне себеп, отандық продюсерлердің гонорарға сараң болуы екен.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса:
- 2020 дан бастап өзімнің гонорарымды көтеріп тастадым.+08:10 - Былтыр Турцияға барып келген болатынмын кастингке, сол жақта мен олардың бағаларын естіп алатын бағаларын, біздікімен салыстырған кезде өте көп, жер мен көктей.
Гонорарын ұлғайтып, қымбат актрисалар қатарына енсе де, ол қаражатты місе тұтпай тұр. Сейітмағамбеттегі Түркияға түбегейлі қоныс аударуға шешім қабылдаған. Бүгінде келісім-шартқа отырған компанияның талаптарын орындап, дайындықты бастап кеткен көрінеді.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, актриса:
- Енді қай жоба, қай проект екенін өздері шешеді сол себепті мен нақты ештеңе айта алмаймын. Маған енді бір жыл ғана уақыт берді дайындыққа, сол себепті елге келдім дайындыққа. Өзімді дайындауым керек, балаларымды дайындауым керек деген сияқты.