Айдана Шалқар, @aiudna
– Ол жетісіп жүрген жоқ. Еркекпін деп, ұлына ақыл айтады. Бүгін сезім үшін әндетеді. Дәл қазір Ғазизхан Шекербековтың соло концертінде қонақтамыз!
Композитордың концерті, туған күнімен тұспа тұс келді. Ол 34-ші көктемін Республика сарайында, 3,5 мың адаммен қарсы алды. Ғазизханның өзі: сағат тілі он екіні соққаннан, телефонға тыным жоқ,-дейді. Сондықтан әртіс уақытша байланыс аясынан тыс жерде.
Ғазизхан Шекербеков, әнші, композитор:
– 2-3 күн болды ұйықтай алмай жүргеніме. Ми өшпейді, ойлана беремін, уайым емес ол. Так анаған звондадым, мынаны шешіп қойдым иә деп тұра береді ше айналып. Сосын телефонды өшіріп тастап әйтеуір ұйықтауға тырысқанмын ғой.
Шекербек-тегіні қолдап, Шымкенттен арнайы ат арытып «Миллиондық» жігіттер де жиылған. Алдыңғы буын ағаларымен таныстықтары туралы айтып берді.
Мақсат Бөбей, «Миллион» құрамасының мүшесі:
Мен Ғазизхан ағамен жерлеспіз, екеуміз де Бәйдібектенбіз. Ағамызды қолдап келдік. Ол кісіні кішкентай кезінен білем. Ағаларын, туысқандарын бәрін танимын.
Қанат Тасхан, «Миллион» құрамасының мүшесі:
– Ең алғаш концертін берді. Сол кезде Республика сарайында, сол кезде бірінші рет келіп көргем. Қатты фанат болып тыңдарманына айналып, қазір жақын інілерінің біріне айналдым. Сонымен ағамызды қолдап арнайы Шымкенттен кеп жатырмыз Миллион командасы.
– Ғазизхан ағамен қашан, қалай таныстыңыз?
Мансар Орынхан, «Миллион» құрамасының мүшесі:
Ғазизхан ағамен бала кезден таныспын. Менің шәкіртім деп айтсам да болады. Бала кезінде нотаға түсуді, жалпы қалай өлең айту керек соның бәрін өзім үйреткен боалтынмын. Бала Ғазиз бен үлкейгендегі Ғазизді бүгін салыстыруға келіп отырмын. Сол үшін сәттілік шәкіртіме.
Кішкентай кезінен бастап білетін болсаңыз, Ғазизхан аға туралы көбі біле бермейтін топ-3 ақпарат айтыңызшы.
Ғазизхан өте көп жылайтын бала кезінде, ата-анасы қалаға кетіп қалған кезде жалғыз қалған кезде жылайтын, сол кезде өізм көндіріп алатынмын. Әнді жақсы көретін бала күнінен, қолына домбыра ұстатсаң соны дыңғырлатып отыратын бұл екінші. Одан кейін үшіншісі – өте қатал. +01:19 Ойнап айтып жатырмын, кешіріңіз аға көріп отсаңыз.
Әртісті қолдап келген танымалдар арасында Әділет Жауғашар да бар. Әділет Ғазизханның ел біле бермейтін бірнеше қырын атап өтті.
Әділет Жауғашар, әнші:
Біз Ғазизхан ағамен «Көріктім» әні енді жазылып жатқан кезде 2016-2017 жылдан бастап. Ол кезде мен тойда музыкант болатынмын.
Ол кісіде пародия жанры бар, сосын төбелеске мықты.
- Төбелесіп көрдіңіз бе?
- Төбелесіп көрдім.
- Кім жеңді?
- Теңде тең боп қалдық. Десең иә ойнап айтам. Әзіл ғой.
Айдана Шалқар, @aiudna
– Осымен Ғазизхан Шекербектің жеке ән кеші тәмәм. Музыкант 34 жасын, республика сарайында тыңдарманымен атап өтті. Шекербек-тегінің алдағы шығармашылық жоспарларына сәттілік тілейміз!