Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
-Біз дәл қазір Алматы аренадамыз. 12 мың адам сиятын үлкен спорт комплексінде Мирас Жүгінісовтың концерті бірер минуттан соң басталмақ. Қызық болары сөзсіз. Бірге көрейік.
Өткен жылғы концертінде 9 мың тыңдарманды жинаған Мирас, биыл өз рекордын өзі жаңартты. Бұл жолы 12 мың билет сатылған. Жеке кешіне осыдан 5 ай бұрын дайындықты бастаған хитмен бүгінгі бағдарламаға 6 жаңа ән және 3 фит қосқан. Олар - әнші Қазбек Құрайыш және Райыммен орындалмақ.
Мирас Жүгінісов, әнші:
-Мен айттым «Қазбек енді, бұйырса менің концертім болады, тағы да біз әндетпесек қате болады»,- дедім, қосылып осылай бір әдемі дүние шыққан сияқты. Райыммен де жазамыз жазамыз деп 2018- ден бері әйтеуір осы жылы жазып отырмыз.
Сондай-ақ, Бағжан Октябрь биыл да кеш хедлайнері болды. Өйткені виртуоз виолончельші мен Жүгінісов қос бірдей трек орындады. Оның бірі – әлемдік хит «We are the Champions» шығармасы болса, екінші фитке Бағжанның әкесі, композитор Өктем Алтаевтың танымал «Жаным» әні таңдалған.
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
-Былтырғыға қарағанда биге төселіп қалыпсыз...
Мирас Жүгінісов, әнші:
- Иә, өзіме де байқалып тұр кішкене қобалжымай, былай былай қозғалғанның өзінде «мә, жақсы боп қалыппын ғой Мирас» деп. Енді тағы да бұйырса, келесі жолы да мықты болып сальто жасайтын уровеньге жетейік.
Жаңа деңгейге жету үшін продюсердің де мықтап кіріскені байқалады. «Жыл сайын ерекше дүние жасау оңай емес»,- деген Марғұлан Әден, бұл жолы қалтасы едәуір жұқарғанын жасырмады.
Марғұлан Әден, продюсер:
- Шынымды айтсам, әлі санаған жоқпыз ол сумманы. Бірақ ненің сахнаның өзіне көп кетіп қалды, жалпы 30 млн-дай. Одан бөлек басқа да расходтар бар. Жігіттердің беретін ақшасы бар, режиссердің, қаншама көмекші жүр дегендей.
Алайда, ол миллондардан кеш жүргізушісі Аңсаған Садырханға жарты млн-да бұйырмайтын болып шықты.
Аңсаған Садырханов, стендапер:
-Миллионға жетпейді, 2 млнға да жетпейді, 300 - ге де жетпейді.
-Ойбай, не болды сонда? Бір шай болды ма?
- Иә, мынадай көп шайлар. Жоқ, менікі 300 - ге жетпейді. 200 - ге де жетпейді.
-Рақмет ретінде ғана,иә?!
-Иә, рақмет ретінде сол 100-150дің ар жақ бер жағы.03-10»
Мирастың фанаттары қатарынан жұлдызды жұп, отбасылық блогерлер Заңғар мен Ризаны байқап қалдық. «Мирастың барлық әні махаббатымыздың әнұраны іспетті» деген Риза, ай-күнінің жақындағанына қарамастан, аяқтан тік тұрып сүйікті әншісімен бірге ән салуда.
Заңғар мен Риза, жұлдыз жұп:
-Өзіміз даже декретте болсақ та келіп алдық, менде қазір 9 ай негізі, үйде отырмаймын Мирастың концертіне барамыз деп +01:17 организация ерекше, бәрі күшті істелген, графика, музыка жағынан болсын. Өте жағымды болып жатыр, демалып отырмыз.»
Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_91:
-Міне, осымен 2 сағатқа созылған кеш өз мәресіне жетті. Әр әнді қосыла шырқағандарына қарап, көрерменнің дән риза екенін байқауға болады. Келесі концерттке кездескенше!