Ділбар ұясынан ұшқан күн! Бұл эфир расында да ерекше болды. Себебі, жылға жуық жалғасқан дәп осы махаббат хикаясы тек бақытты сәттерден тұрған жоқ. Ғашықтар талай айырылысып, қайта табысқан. Көрермен олардың көз жасына да куә болған еді. Сезімдеріне күмәнмен қарағандардың да қарасы мол.
Венера Айдарбек, «Бір болайық» жобасының жүргізушісі
- Drama queen болмақ түгілі, үнді хикаясы болды ғой кәдімгідей. Бірнеше рет айырылысу болды. Бірақ махаббат бар жерде, әрине кикілжің де жағдай орын алуы мүмкін, түсініспеушілік те. Бірақ махаббат жеңіп, қазіргі таңда нәтижесін тікелей өздеріңіз көріп отырсыздар.
Айбек пен Ділбар, «Бір болайық» жобасының қатысушылары
- Жалпы Оңтүстіктің қызын алу да оңай емес деп ше. Тоғыз ай отношениенің ортасында біз не көрмедік, не заттардан өтпедік. Сондықтан біз үшін ары қарай уже отбасылық өмір жеңілдеу әрі оңайырақ деп ойлаймыз.
- Негізінде айтады ғой, шынайы махаббат некеден кейін басталады деп. Сол сияқты біз қалай заңды некеге тұрдық, содан соң барлығы жақсарып, бұрыңғыдай ұрыстар жоқ. Қазір андай жауапкершілікті мойнымызға алып, мен әйел ретінде, Айбек күйеу ретінде өте сондай.
Той тізгіні асаба, шоумен әрі «Бір болайықтың» бұрыңғы қатысушысы – Еділ Шынасылға сеніп тапсырылған. Ал бағдарламаны Венера Айдарбек жалғыз жүргізді. Себебі, Шах-Керім Кәрменнің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен. Десе де Шах эфир соңына таман студияға кіріп келді. «Мұндай маңызды сәтті жіберіп алғым келген жоқ» , - дейді ол.
Шах-Керім Кәрмен, «Бір болайық» жобасының жүргізушісі
- Мен бүгін тіпті ауруханадан қашып келдім осы тойға қатысу үшін. Шын жүректен. Соңғы кездері денсаулығым кішкене сыр беріп жүргені бар. Бірақ енді бүгін бір маусым бойы күткен той ғой деп кәдімгі аға, көке тұра тұрыңыз, енді түсіністікпен қараңыз, екі сағатқа барып қатысуым керек деп осы жаққа ұшып келдім.
Жас жұбайлардың жақындары қатысқан эфир тосый сыйға толы. Мәселен, күйеу жігіт қалыңдығына қымбат маркалы темір тұлпар мінгізді. Ал жүргізушілер құны 1 миллион теңгелік үй жиһаздарына арналған сертификат тарту етті.
Айбек пен Ділбар, «Бір болайық» жобасының қатысушылары
- Осы жолы есіме не сыйласам болады деп.. негізі бұл сыйлықты мен туған күніне, алдында төрті күні бергім келген, бірақ белгілі бір документтерге байланысты бүгінге бұйырып тұр екен ұзату тойына.
- Мен негізінде эмоциямды көрсете білмейтін адаммын. Оны Айбек өзі жақсы біледі. Қандай сыйлық берсе де, үлкені болсын, кішісі болсын менде бір эмоция, өзгермейді. Бірақ іштей андай қуаныштар болады, шын айтайын7
Қалыңдықты ұзату үшін, таяуда ғана екінші мәрте ана атанған Камила Саянова арнайы келді. Еске салсақ, 3 жыл бойы «Бір болайық» жобасын тізгіндеген Камила қазіргі таңда декреттік демалыста.
Камила Саянова, «Бір болайық» жобасының жүргізушісі
- Тұрмыс құрғалы жатқан қыздарға әрдайым айтатыным, ол – бірінші жыл міндетті түрде қиын болады. Бірден келін болып кеткен кезде, бірден бір білмеймін, бір райға түскен сияқты болмайды ол, қиналасың. Сол бір жылды шыдасаң, отбасыға сіңісуге тырыссаң, барлығы әрі қарай жақсы болып кетеді.
Венера Айдарбек,«Бір болайық» жобасының жүргізушісі
- Қызымыздың кейбір сәттерде қырсық мінезі бар екенін білеміз және еркелігі де бар. Небәрі жасы 19-да, жігіттің жасы 27-де. Сол себепті, жас айырмашылығы үлкен болғанымен де, араларында бір керемет атмосфера бар.
Шах-Керім Кәрмен, «Бір болайық» жобасының жүргізушісі
- Бір-ақ қана тілегіміз және бір өтінішіміз бар екеуінен бақытты болыңдаршы деген. Басқа ештеңе керек жоқ бізге.