Бексұлтан Піләл Дағыстандық Мурад легенданың үш бірдей тісін ұрып сындырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Ревю ньюсте эксклюзив! Бүгін Бексұлтан Піләл мен Мурад легенданың жекпе жегіне куә боламыз. Кімнің асығы алшысынан түседі. Қазір білеміз.

Араға жарты жыл салып Апачи чемпиондық атағын қорғады. Файтерді қолдауға достары, Ұ-night шоу резиденттері де келген.

– Нешінші раундта Мурад легенданы құлатады деп ойлайсыз?

Есет Мырзағазиев, Ұ-night шоу резиденті, әзілкеш:

– Құлатады деп ойламаймын. Өйтіп айта алмаймын. Бірақ енді жеңетініне сенімдімін.

Ұнайт шоу резиденті Нұрбол Сағидуллин Бексұлтанның жеңісіне мүлде күмән келтірмеді. Тіпті Нұрболдың болжамы дәл келіп, жекпе жек уақытынан бұрын бітті.

Нұрбол Сағидуллин, Ұ-night шоу резиденті, әзілкеш:

– Апачи бұрынғыға қарағанда қатты жинап алды. Күнде тренировка. До того ұнайт шоуға қатыспайын деп жатыр ғой. Осы бой үшін, тренировка үшін.

– Нешінші раундпен бұл жекпе жек бітеді?

– Үште ма құлататын сияқты Апачи.

Үшінші раундтың аяқталуына 25 секунд қалғанда, Мурадтың секунданты айқасты аяқтады. Апачи жеңіске жетті. Бексұлтанды қолдап, белгілі әзілкеш, тележүргізуші – Еркебұлан Мырзабек те келген.

– Бүгінгі жекпе жекте Бексұлтан мінез көрсетті. Келісесіз ғой? Үш бірдей тісін түсірді Мурад легенданың.

Еркебұлан Мырзабек, тележүргізуші, әзілкеш:

– Мінезбен бірге меніңше, өзінің дайындалғанын көрсетті. Жалпы негізі Бексұлтанның одан ертеректе жекпе жектерін көріп жүрміз ғой. Шеберлігіне шеберлік қосқаны көрініп тұр. Профиссионалдармен жұмыс істегені көрініп тұр. Соның арқасында Бексұлтан жеңіске жетті деп ойлаймын.

 

Мурад легенданың салмағы Бексұлтаннан айтарлықтай артық. Нақтырақ айтқанда 10 келіге көп. Апачидің айқас соңында шаршағаны соншалық, сұқбатты жайғасып жаздық.

– Уақытынан бұрын бітті. Сұқбатты көріп тұрғандарыңыздай отырып алып жатырмыз.

Бексұлтан Піләл, әзілкеш, POP-MMA файтері:

– Не айтайын? Айтатын сөз көп. Рэп оқысаң да) Өте қуаныштымын. Пояс бізде қалғанына. Оңай болған жоқ шынымды айтайын. Бірақ еңбектену одан да қиын болды. Еңбек ақталды деп ойлаймын.

– Жаңа октагонда да айттың енді ТМД-ны бағындырам деп.

Бексұлтан Піләл, әзілкеш, POP-MMA файтері:

– Возможно. Бұйырса, бұйырса. Бірақ оған уақыт бөлу керек. Мен енді профессиональный спортсмен емеспін.

– Мурад енді легенда емес па?

– Жоқ. Мурад легенда емес. Мен үшін бір-ақ Мурад легенда бар. Ол – Мұрат Әбділдә.

- Мұрадтың үш бірдей тісі сынды.

- Үш бірдей тісі сынды. Артынан тағы біреуін түсіріп төрт құбыласын түгел қылу керек еді.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Міне осымен жекпе жек өз мәресіне жетті. Апачи чемпиондық атағын айқын басымдықпен қорғап шықты. Бексұлтан Піләлді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!