«Aport Mall» ұтысқа қойған темір тұлпардың иесі кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Шалқар, @aiudna

- 10 мың теңгеден бастап шоппинг жасап, су жаңа кроссовер жеңіп алу. Бұл - «Aport mall» сауда үйі ұйымдастырған ерекше байқау. Дәл қазір мына темір тұлпардың иесін анықтайтын боламыз!

Жаңбырлы ауа райына қарамастан, дүйім жұрт «Aport Mall» сауда орталығының алаңына жиналды. Олардың басын қосқан – ерекше байқау. Қолшатыр ұстаған әрбір тұтынушының басты мақсаты – су жаңа автокөліктің кілтін алмай, үйге қайтпау болды.

Динара Амренова, «Aport» моллдың маркетинг және жарнама департаментінің директоры:

- Бұл ауқымды байқауды 4 ай бұрын бастадық. Сайыс шарты өте қарапайым. «Апорт молл»-да 10 мың теңгеден бастап сауда жасап, оны купонға айырбастау керек. Купон сандарына ешқандай шектеу қойылмады.

«Aport Mall» ұсынған байқау ерекше тартысты өтті! Айта кетейік, сауда орталығы қатысушылардың басым бөлігін де сыйлықсыз қалдырмады. Автокөліктен бөлек, техникалық жабдықтар да ойнатылды. Ұтыс нәтижесіне сәйкес, 84 купонның иесі Бекжан Какеша су жаңа темір тұлпарды тізгіндеп қайтты.

Динара Амренова, «Aport» моллдың маркетинг және жарнама департаментінің директоры:

- Бүгінгі жеңімпаз 84 купон жинап үлгерген екен. Бұған дейін,«Aport Mall» пәтер ойнатқан кезде 250 купон жинаған жандарды да кездестірдік. Біздің сатып алушылардың сайыстарымызға қатысып, бізге ерекше сенім артатыны қуантады.

- Қайырлы кеш! Сізді ең алыдмен жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін жеңіп кетем деп ойламаған шығарсыз? Күтпеген жеңіс болды ма?

Бекжан Какеша, жеңімпаз:

- Иә ойлаған жоқпын, бірақ бәрі мүмкін деп ойладым Алла қаласа. Мүмкін деп келдім негізі.

- Жаңа естідік, сіз 84 купон салған екенсіз. Не сатып алдыңыз? Қандай суммаға?

Бекжан Какеша, жеңімпаз:

- Көбінде продукты алдым, үйге керек-жарақ.

«Aport Mall» ойын-сауық кешенінің тосынсыйлары мұнымен бітпейді. Жуырда Aport Mall East сауда орталығы сатып алушыларының арасынан пәтер иесін анықтамақ.

Динара Амренова, «Aport» моллдың маркетинг және жарнама департаментінің директоры:

- «Aport Mall East» сауда үйі де сатып алушыларына ауқымды байқау ұсынды. Бас жүлдеге Алматыдан пәтер беріледі. Шарттарында өзгеріс жоқ. Мәселен, сауда орталығындағы кинотеатрға барып, азық-түлік, киім-кешек, техникалық жабдықтар сатып алып, чектерді купонға ауыстырса жеткілікті. Ұтыс 5 мамырда өтеді.

Айдана Шалқар, @aiudna

- Қымбат маркалы көліктің иесі анықталды. Айта кетейік, «Aport Mall East» сауда үйі сатып алушыларына пәтер сыйламақ. Олай болса, байқау шарттарын орындап, баспаналы болыңыз!