Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:
– Наурыз - жыл басы. Көктемгі күн мен түннің теңелетін ғажайып кезеңі. Бұл мейрамды әртістер қауымы қалай тойлайды?
Мерекеге арналған келелі кештің шымылдығын талай тренд тректің орындаушысы – Әлімжан Кеңес ашты. Әнші алып қала Алматыға қоныс аударғанға дейінгі Наурыздағы қызықтарымен бөлісті.
Әлімжан Кеңес, әнші:
– Менің туған жерім Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм деген ауылда 22-сі күні міндетті түрде, таң атпай ауылда Жәмила деген апай микрофонмен айқайлап жататын: көргендер де арманда, көрмегендер де арманда,-деп ше. Жылда сол кісінің дауысы шығатын.
Ал блогер Дәулет Исраилға «Астана» яғни кезіндегі ескі алаң жат емес. Әкесімен бірге талай Наурызды осы жерде өткізгенін айтады. Тек есейе келе, танымалдық артқаннан кейін отбасымен тойлауды сиреткен. Өйткені уақыт жоқ.
Дәулет Исраил, блогер:
– Отбасымызбен тойламағалы біраз болды. Мен жылда осылай площадьтарда, мерекелерге кетіп қала беремін. Отбасым күшті, өздері наурыз көже істеп күшті тойлайды. Кішкентай кезімде есімде әкем дәл осы площадьқа алып келетін мені. Қыдыртатын, киіз үйге кіргізіп, көже ішкізетін. Әкем университетте жұмыс істейді. Сол университеттің киіз үйі болатын соның ішінде тегін көже ішетінмін. Плов жейтінмін. Ойындар ойнайтынмын тегін ше.
Ал Мәди Рымбаев биылғы мейрамды Батыс Қазақстанда қарсы алған. Мәди анасы Роза Қуанышқызымен бірге, ел елді аралап концерт қойған. Дегенмен Роза ханым жылдағы дәстүрден жаңылмай, таңдайдан дәмі кетпейтін көже дайындауды ұмытпапты. Халық әртісінің кенжесі рецептімен бөлісті.
Мәди Рымбаев, әнші:
– Роза Қуанышқызы өз қолымен наурыз көже дайындайтын шығар?
– Бәрін жасайды. Бәрін дайындайды. Өте жақсы дайындайды.
– Сіздердің наурыз көжеге не қосылады?
– Аса қатты көп нәрсе қосылмайды. Кәдімгідей: күріш, сүт, құрт. Кейде ет. Кеспе де болады анда санда иә.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:
– Бұл мейрамды: ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон» немесе «бәйшешек» деп атайды. Бұл қазақтың Әз-Наурызы, Ұлыстың ұлы күні!