Айдана Шалқар, @aiudna
- Құбылмалы ауа райы Алматылықтардың көңіл күйіне мүлде әсер етпейді! Бүгін 2000 меломан “Сұңқар” трамплиніне жиналды. Себебі, дәл қазір Zaq пен Aro нағыз мерекелік вайб сыйламақ. Біз бүгін “Nauryz fest”-теміз!!
«Ninety one» уақытша тайм-аут жариялағандықтан, Зак соло мансабына ерекше ден қойған-ды. 91-ліктердің камбэгі әзірге белгісіз. Дегенмен, «Қазіргі таңда әр мембер жеке шығармашылығын дамытып жатыр»-дейді Дулат.
- Сізді қазақы үнді әуенге салып жүрген әртіс ретінде білеміз. Бүгінгі фестке шақырту алуыңыз да себебі сол шығар иә?
ZAQ, «Ninety one» тобының мүшесі, рэпер:
- Бәлкім солай шығар иә. Өйткені біз сол баяғыдан бері сол қазақша, қазақ тілін барынша модаға айналдыруға тырысып жүрміз сол. Біз 91-мен белгісіз уақытқа, бәлкім 1 жылдай уақытқа үзіліс аламыз деп шештік. Әркім өзінің шығармашылығын, тағы да басқасын дамытуға кіріседі.
Зактың басты мотиваторы келіншегі – Жадыра Абдулжаппарова. Жұбайы мерекелік концертке арнайы аутфит таңдап берген. Дулат әйелін жанынан бір елі тастамай жүрсе де, әлеуметтік желіде жеке өмірін жиі көрсете бермейді. Мұның себебін сұрап көрдік.
- Жеке өміріңізді жиі көрсете бермейсіз. Бұл Ерболат Беделханның мектебінен қалған әдет па?
ZAQ, «Ninety one» тобының мүшесі, рэпер:
- Негізінде Ерболат ағаның өзінің берген тәлімі де бар иә. Одан бөлек, мен де, менің әйелім де екеуміз де ондай нәрсені аса қатты жақсы көрмейміз. Көп былай шыға беруді көп күш алады негізінде. Мен ондайға қатты үйренбегем, әлі үйрене алмай жүрмін.
Аро концерттің керемет нүктесін қойды. «Аро» деп айқайлаған фанаттар Арманға ерекше көңіл күй сыйлады. Күннің суығына қарамастан, оны қолдап келген меломанды көрген әншінің қуанышында шек болмады.
Aro, әнші:
- Бүгін енді наурыз мерекесі, көрермен де дайын келген екен өздері. Қызып дайын тұр екен, ең соңынан шықтық, көңілді нотада бітірдік деп ойлаймын. Керемет мейрамды тойладық осылай наурыз фестті.
«Наурыз фестте» өнер көрсеткен жұлдыздар ұлттық айдентиканы барынша ұлықтауға тырысқан. Алдағы уақытта Зак қазақы өрнектерді қолданып, дизайнерлік топтама ұсынғысы келетінін жасырмады.
- Өзіңіздің гардеробыңызда ұлттық киімдер немесе ұлттық ою-өрнектер бейнеленген киімдер көп пе?
ZAQ, «Ninety one» тобының мүшесі, рэпер:
- Көп емес. Алайда, бар. Панама бар өте әдемі бейнеленген жақсы. Одан кейін өзіміз тіктірген шапаным бар. Өзіме істеткен шапан. Сол екеуі ғана бар. Алайда мен ол нәрсені қолға алып, өзім бір кішігірім дизайнерлік киімдер істеп көргім келіп жүр.
- Бұны қашан қолға аласыз?
ZAQ, «Ninety one» тобының мүшесі, рэпер:
- Альбомды бітіргеннен кейін. Қазіргі уақытта мен альбом жазу үстіндемін. Альбомды жазып бітіргенше қырынбаймын деген шешімге келдім. Сол егер де мен қырынып тастасам, онда альбом жазылып бітті деген сөз. Содан кейін мен сол нәрсеге кірісем деп ойлаймын.
Aro, әнші:
- Мен осы Ташкентке барғанда осы шапандарды сатып алып келдім. Шапанды, панаманы барлығын сол жақтан сатып алып келдім. Іші енді Оралда концерт берген кезде алған болатынмын осы классикалық десем қалай болады екен. Аяқта мәсі сол баяғы қыста жаурап қалмайық деп, негізі 10 мың теңгеге мәсі ала салған дұрыс екен.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Думанды драйв. Жанды дауыс. Қазақы колорит. Осымен “ Nauryz fest” өз мәресіне жетті. Мерекелік вайбқа қаныққан жұрт көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарқасты. Келесі Наурызда кездескенше.