Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Жергілікті депутат еркетотай ұлын ақтау үшін, заңды белшесінен басуға әзір. Үкімге келіспеген, мұздай қаруланған екі бозбала сот ғимаратын басып алады. Әділдік іздеген, көшеде өскен екеу іштен шіріген билік жүйесіне қарсы тұра ала ма?
Басты рөлдердің бірі, антогонист Аланды – Айбар Салы сомдаған. Бұл оның екінші ерек жобасы.
– Жүзіңізге, түріңізге қарасам, антогонистке мүлде келмейді. Сүп-сүйкімді, бір мачоны ойнайтындай. Негізі роль үшін ұзақ іздендіңіз бе?
Айбар Салы, актер:
– Жоқ. Где то этот персонаж на меня похож. Аланның маған кейбір тұстары ұқсас. Бірақ зұлымдық не кісі өлтіріп, әділетсіздіктер жасау жағынан емес. Мен оны түсінемін. Сондықтан ұзақ іздендім деп айта алмаймын.
«Үкімдегі» Кубаны – Дамир Амангельдин ойнаған. Дамирды көбі бір жоба арқылы танылған актер деп біледі. Бірақ Амангельдиннің өзі бұнымен келіспейді. Дегенмен, атағының артқанын да жасырмайды.
– Бір жоба сіздің бағыңызды ашты. Түріңізді танытты және қыздардың да назары көбейген шығар.
Дамир Амангельдин, актер:
– Негізі иә, қыздар жазады. Үлкен рақмет қыздарға.
- Үлкен рақмет! Жазып тұрыңдар десеңізші.
- Үлкен рақмет, маған жаза беріңіздер! Бәріне жауап берем.
- Басыңыз бос па?
- Басым... Иә. Басым бос. Қызым жоқ. Қыздар болса, жазыңыздар.
Шарқ ұрып әділдік іздейтін – Ақтанның рөлінде Рауан Ахмедов. Фильмнің желісі бойынша ол: үйдің үлкені. Әжесінің баласы. Анасы қайтыс болған. Ал әкесі оны тастап басқа елге көшіп кеткен. Өмір ерте есейткен кейіпкер.
Рауан Ахмедов, актер:
– Эмоциональный интелектуал. То есть интелекті бар. Мудрость. Өзінің стерженьі бар. Бірақ бір стоптан кейін, бір жағдайдан кейін бірдеңе өзгереді. Қандай мықты адам болмасын, оны жақындары арқылы сындыруға болады.
Толықметрдегі басты кейіпкерлердің бәрі актер – Азат Жұмаділмен бірге өнер академиясында оқыған. Інілерім ғой деп, үнемі қолдау білдіріп жүретін едім,-дейді.
– Фильм жасөспірімдер туралы. Яғни кек алуды көздейді. Әділеттіктік іздейді. Бұл бандитизмды романтизировать ету емес па?
Азат Жұмаділ, актер:
– Кез келген бір тақырып тауып алып, сол туралы фильм түсіріп тастау, кішкене в тренде болып жатыр да. Кез келген нәрсені көрсету. Чуть чуть пахнет романтизмом. Но әркімнің санасына, түйсігіне байланысты ғой. Кім қандай ой түйеді деген сияқты.
– Сіздер өскен ортада система яғни пацанский кодекс болды ма?
Азамат Рзағалиев, актер:
– Әрине. Біз деген 90-шы жылдары өскен балалармыз. Ауылда. Онсыз ауыл болмайды. Жыл жылға бөлініп, 87, 88, 86. Бәрі бір бірімен араласады. Бірақ үлкендер грузить етеді. Ананы алып кел, мынаны алып кел.
Бексұлтан Піләл, актер, pop-MMA файтері:
– Менің системам мектепте бітті ғой. Мектепте қалды ғой.
- Нешінші атаман болдың?
- Мектепте ма? Мен ба? Еще сұрайсың ба? Құдайға шүкір, үш деп мақтанасың ба?
Қуаныш Құдайберген: өнер академиясында оқыған жылдары тәріпті, жүйені сақтауға міндетті едік,-дейді.
– Тәртіпті бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қуаныш Құдайберген, актер:
– Қазір жоқ қой, айта берейінші. Тұрғызып қоятынбыз да, тұрғызып қоятын да көкіректен ұратын бүйтіп. Даң-даң деп.
– Сен енді Америкада да біраз уақыт тұрдың ғой. Ол жақта қалай?
Рауан Романи, актер:
– Америкада ондай емес енді. Ол жақта более цивилный. Біздің системалар өтпейді енді ол жаққа.
– Сен сонда қазақтарды мәдениетсіз дегенің келіп тұр ма?
– Жоқ. Наоборот. Ол деген жақсы. Ол деген саған өмірге деген күшті тәжірибе береді. Орныңа отырғызады. Дисциплина ғой ол деген.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk:
– «Үкім» – Қазақстан мен Қырғызстан түсірген толықметр. Фильм Ыстық көл маңындағы шағын қалада, екі мыңыншы жылдардың соңында болған оқиға негізінде таспаланған. Енді қос мемлекеттің үлкен экрандарында!