Бакр Алматы аренада 8 мың адамға концерт қойды!Қырғызстандық әртіс неге сұқбаттардан ат тонын ала қашады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Оның шоу-бизнес сапына қосылғанына көп болмады. Дегенмен тректері тренд, әндері музыкалық чарттардың көшін бермейді. Мазмұнсыз махаббатты маздатып жүрген – Бакрдың кешіндеміз.

Хитменді сұқбатқа көндіру оңай болмады. Дегенмен концерт жайлы бірер ауыз лебізін білдірді. «Біздің басты меже Алматы көрерменін тарту еді. Ол мақсатқа жеткен сияқтымыз»,-дейді.

– Бұл Бакрдың қазақстандық БАҚ өкілдеріне беріп жатқан тұңғыш сұқбаты. Бакр бұл Алматыдағы екінші концертің.

Bakr, әнші:

– Біздің түпкі мақсатымыз, бағындырғымыз келген қала – Алматы болған еді. Сондықтан осы қалаға акцент қойдық.

– Қазақстанды аралап, 7 қалада концерт қойып, тур өткіздіңіз. Қай қала ерекше ыстық ықыласпен қарсы алды?

Bakr, әнші:

– Негізі барлық қалалар жақсы тосып алды. Барлық қала жақсы қарсы алды. Бірақ өзім үшін ерекше болған ол Алматы мен Астана.

Кеш көркін қыздырған әртістер қатарында – Адиль де бар. Жиылған жұртшылық әншіден «Госпожа» композициясын сұрады. Бірақ өткен жылы аталмыш тректі «плагиат» деп айыптап, қырғызстандық композиторлар

«Махаббатым сұранамын мені кечіргін» трегінің мотивын ұрлады деген еді.

– Өткен жылы сіздің бір әніңізге байланысты, авторлық құқыққа байланысты шу туды иә?

Әділ Жалмағамбетов, әнші:

– Бұл жерде мынандай болды енді... Қырғыз бауырларымыз бізге страйк лақтырған болатын. Ютуб каналымызға. Біздің клипімізге.

– Ол ән кімдікі болды сонымен?

– Шыны керек мен ол өлеңді особа тыңдамадым, чтобы ұрлайтындай. Өзімнің ішкі дүниемнен шықты да ол.

- Енді қазір ән кімде қалды?

- Ән менде қалды. Оның әні өзінде, менің әнім өзімде.

– Өзіңіздің соло концертіңізді беретін уақыт келді деп ойламайсыз ба?

Әділ Жалмағамбетов, әнші:

– Әлі ертелеу деп ойлап жатырмын.

- Мысалы Бакр сияқты бірнеше әншілерді жинап? Өзіңіз сияқты танымал-танымал. Өзіңіз араласатын ортадағы?

- Менің ойымша где то 10 хиттай болуы керек та.

- Сізде қазір қанша хит бар деп ойлайсыз?

- 6-7-дей бар.

Дәл осы «Жүрек» трегі ТМД-ның 20 шақты елінде: Apple music, Spotify-да көш бастап тұр. 1,5 миллирд халқы бар Қытай Халық республикасы осы әнді тиктокта трендке айналдырып жіберген.

«Бұл мен емес, ол тек елес» деген әнді айтатын осы жігіт. Адам. Бұл сахналық лақап ат па?

Adam, әнші:

– Иә, бұл менің лақап атым. Негізі шын атым – Фарух.

- Фамилияңыз?

- Меркедаев. 98

- Меркедаев Фарух негізі Меркеден. Біз сіз қазақша ән айтқан кезде таңғалдық.

– Өнерді бастағалы 5 жылдай болды.

– Оның алдында қайда, кім болып жұмыс істедіңіз?

– Оның алдында көп жұмыс істегем мен. Официанттан бастап, сосын кабактарда ән айтып. Одан бөлек кім болмадым мен. Сварщик те болғам.

Бұл кеште хит әндер көптеп орындалды. Мысалы дәл осы «7:00» туындысы осыдан небәрі 2 ай бұрын шыққан. Бірақ ютуб хостингінде көш бастап, 2 миллионға жуық қаралым жинаған.

– Осы тренд тректі Баха, Баһадүр орындайды. Неге біз сізді танымаймыз? Түріңізді білмейміз. Қайда жүрсіз?

Баһадүр Ыдыришов, әнші:

– Ақырындап көтерілеміз енді. Біріншіден негізі до этого «На закате» деген өлеңдерім болған. Хитовать етіп жүрген тоже. Ол стиль восточный болып жатыр да кішкене.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– 2 сағатқа созылған концерт осымен тәмәм. Хит композициялар. 8 мың адам. Солд аут. Ал Бакр бүгінгі құраммен Қазақстан бойынша турын Астанада аяқтады.