Айдана Шалқар, @aiudna
- Сиқыр. Сұлулық. Эстетика. Бұл – Баян Мақсатқызының 50 жасына арналған «Queen» шоуының концепциясы. Ерке Есмахан, Кәмшат Жолдыбаева, Гүлназ Жоланова, Балжан Бидаш, Жұлдыз Өмірғали сынды сылқымдардың бәрі осы мюзиклда!
Баян Мақсатқызы, продюсер:
- Дайындық өте қызық, қызып жатыр, қызып жатыр. Мұрыннан қан ағып.. бәріміздің. Көрерменді мен өзім де білмеймін қандай шоу күтеді. Мұндай шоу бұрын-соңды еш жерде болмаған. Қанша елді араласам да, осындай жобаны әлі көрмедім. Көрерменнің аузы ашылып, керемет концерт тамашаласа екен деген арманым бар. Әрбір сахна таңғалдырады деп сенемін. Қонақтар ең сәнді образда келсе екен. Сіздерге де өтінішім: Дресс-код сақтаңыздар.
- Біз байқадық, Кешьюдің құрамы азаннан кешке дейін дайындықта жүр.
- Иә, азаннан кешке дейін, сіз айтқандай Кешью барлық құрамдар дайындалуда.
- Ал, осы Кешьюдің бүкіл құрамын жинау қалай болды?
Баян Мақсатқызы, продюсер:
- Өте қиын, өте қиын. «Кешью» қыздарының әрбірінің өз жұмысы, жеке шығармашылығы болғанына қуаныштымын. Тығыз графиктеріне қарамастан олар бар тірлігін тастап, ұсынысымнан бас тарта алмады. Дайындық кезінде бұрынғы сәттерді еске алып жүрміз. Әрине, олардың билеп, ән айтпағанына да біраз уақыт болды. Өнерден сәл алыстады. «Queen» шоуда қыздар баяғыдай жарқырағанын қалаймын.
Мюзиклда Баян Мақсатқызының жас күнін сомдайтын басты кейіпкер үшін арнайы кастинг жасалған. Қанша ару бақ сынаса да, продюсердің бір бүйрегі Жарқынай Ханайымға бұрып тұрған.
Баян Мақсатқызы, продюсер:
- Шығармашылық пен жеке өмірді мүлде араластырмаймын. Бұрынғы, қазіргі келін деген түсінік жоқ. Барлығымен тату-тәтті қарым-қатынастамын. Жарқынайға хабарластым да: «Сен маған керексің. Келші»-дедім. Бас кейіпкерді Жарқынайдан басқа ешкім ойнап шыға алмайтынына сенімді болдым.
Жарқынай ханайым, актриса:
- Бірінші мен экс келіні емеспін. Мен – Баян Мақсатқызының бірінші экс жобасымын. Ол кісі менің бірінші продюсерім болған, жанашырым болған, осы өнерде Жарқынай Ханайым деп тануларыңызға себепші бірден-бір, әсіресе өнердегі анам деп айтуға болады. Сондықтан жеке нәрселер барлығы біріншіден қазір өзінің орнына түсті. Содан кейін мен ешкімнен кеткен емеспін.
Жарқынай ханайым, актриса:
- Негізі басында ұсыныс түскен кезде мен ойладым мен мюзиклға Жарқынай Ханайым боп қатысатын шығармын деп. Нақты Баян Мақсатқызының рөлін сомдайсыз десе мен түсінбеппін шыны керек. Бірақ содан кейін қатты қобалжыдым, уайымдадым. Қалай болады, халық оны қалай қабылдайды деп. Мюзикл жанры болса да ол кісінің сөйлеу мәнері, көзқарасы, киіну үлгісі, барлығы ешкімге ұқсамайды. Сондықтан қазір енді актриса ретінде қиналып жатырмын.
- Бұл мюзиклда Баян Мақсатқызы туралы бұрын-соңды айтылмаған құпиялар ашыла ма? Көрсетіле ме?
Жарқынай ханайым, актриса:
- Әрине, халық осының барлығының асханасын көреді. Шешімді қалай қабылдайды продюсерлер, қандай қиыншылықтар болды. Б.Мақсатқызының өзінің ішкі монологы дейді ғой кез келген өміріндегі жарқын оқиғаларға оның ішкі көзқарасын, ішкі өз-өзімен әңгімелескенін адамдар біле алады.
- Осы куин шоу үшін бар жұмысыңызды тастап, дайындалып жатырсыз. Гонорар аласыз ба осы үшін?
- Ешқашан басқа жобада бұндай үлкен гонорар алмаған шығармын. Баян Мақсатқызы әрқашан еңбекті бағалайды.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Баян Мақсатқызының шоу-бизнестегі әрбір сәті көрсетілетін шоуға санаулы күндер қалды. «Қонақтар дресс-код сақтап келсе екен» деген продюсердің басты өтініші бар. Олай болса, black tie образында Баян Мақсатқызының мерейтойында кездескенше!