– Дәл қазір банк қосымшасын ашып выпискаңды қарай аламыз ба?
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
– Мен көп ақша жаратам негізі тапқанымнан.
- Көрейік та.
– Кредит бар екен. Дайынсыздар ма? Давай мен айтам. 10 918 517,97.
- Әрине, арендада тұратын үйімнің өзі 2 миллион. Балаларға берем жұмысшыларға. 60 проценті оқырмандарға сыйлыққа кетеді.
Блогерліктен бөлек, кинопродюсер атанған Жансерік Қадырбаев та бізден есепшотын жасырмады. Ашық айтты. Көрсетті. Жансерік: фильм түсірдім, жаңа пәтерімнің керек жарағын алдым. Салықтарымды уақытылы төлеп отырмын,-деп ағынан жарылды.
– Интернетте отыратын адамдардың бәріне қызық шығар, Жансерік Қадырбаевтың айына қанша жұмсайтыны?
Жансерік Қадырбаев, блогер, кинопродюсер:
– Көрейік выписка...
- Қызық болып тұр өзіме де...
– Кеткені 37 миллион кетіп қалыпты. Құртып тастаппыз.
- 37 миллион бір айда?
- Кетіп қалыпты ғой. Қазір өзім ойланып тұрмын қайда кетіп қалды деп.
Несие – Артур Давлетьяровты да айналып өтпепті. Әншінің айына белгілі бір мөлшерде банкқа берері бар.
– Кредиті бар екен...
Артур Давлетьяров, әнші:
– 7 мың теңге кредитім бар айына. 3 миллион 530 мың теңге. Бұл не вообще? Мен білмейді екем.
- Бір айда жұмсағаның.
- А бір айда жұмсағаным ба? Семьям бар деген сияқты. Түрлі түрлі нәрселер аламыз енді. СТО-ға барам, машинаны жөндетем.