– Менің жанымда ресми түрде келіншек атанған – Фариза Ескермес.
– Жаңа статусың құтты болсын дейміз. Қандай әсердесің? Қандай сезімде жүрсің?
Фариза Ескермес, әнші, актриса:
– Ой, керемет әсердемін. Отызға келіп тұрмысқа шығып жатырмыз.
- Отызда қыздарский орда бұздым деші...
- Иә. А?
Фаризаның таңдауы – Андрей есімді азамат. Болашақ жарымен 2014 жылы көшеде кездейсоқ танысқан. Қарым-қатынастарында үзіліс болған. Дегенмен сері жігіт, актриса аруға: мақтану деп ойлап қалма, бірақ менен артығын таппайсың,-деген. Расында, араға жылдар салып екі жарты, бір бүтін болып отыр. Халық арасында арагідік хейт те жоқ емес... Сауалымыз Ескермес-тегінің шамына тисе де қойып көрдік.
– Желіден көрген шығарсың, көбісі сенің күйеуіңнің ұлтына тиісіп жатыр?
Фариза Ескермес, әнші, актриса:
– Ұлтына... Сен өзің жақсы білесің ғой енді. Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады. Тіпті жаман адам да болмайды екен. Білесің ба? Барлығы жақсы. Бірақ бір травмамен жүрген адамдар ғой. Тиісетін адамдар. Мен ешқандайда көңіл бөлмеймін. Бақыт тіледім сол адамдарға.
Фариза: тойдың жүргізушісін таңдап қойдық. Бірақ әлі өзіне ескертпедік. Бізге уақыт табады деп үміттенеміз,-дейді.
– Тойың тамызда өтеді. Дайындық қалай?
Фариза Ескермес, әнші, актриса:
– Дайындық басталып кетті. Дайындық болғанда... Біз ведущийді, ресторанды қарастырып қойдық. Астрологпен күнді белгілеп қойдық. Енді ақша табу ғана қалды. Той көйлегін таңдап қойдың ба?
Фариза Ескермес, әнші, актриса:
– Төрт көйлек таңдап қойдым.
- Әртүрлі брендтер ма? Бір адам тігіп жатыр ма?
- Үш көйлекті бір салон тігіп жатыр. Ал бір көйлекті басқа салоннан алам иә.