Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
- Құралай Анарбекова кинопродюсер ретінде бағын жаққан «Брат или брак» фильмінің үшінші бөлімін ұсынды. Араға 5 жыл салып үлкен экрандарға қайта оралған комедияның бүгін премьерасы!
Құралай Анарбекова, кинопродюсер:
- Әріптестеріңіз 2 млрд-қа дейін цифра көрсете алды, сіздің өзіңіз қанша жоспарлап отырсыз?
- Мен басында жас кезімде уверенно айтатын едім 1 миллиард, 5 миллион деп. Жас келген соң ба шамалы қорқып сөйлейсің. Бағасын халық береді.
- Жұлдызды кастты жинау оңай емес қой. Жеңілдік жасаған актерлар болды ма сізге?
- Жоқ, үшінші бөлімде аға көкелеп гонорарларын төлеуге тырыстық. 10 миллионнан кем болмады әрбір актердің. Енді актерларымыз көп. Көбісі сұрайды неге 220 миллион бұл фильмге көп шыққан деп. Гонорарлар 10 миллион болғаннан кейін өздеріңіз біле тұрыңыздар енді қанша только актерларға төлегенім.
«Брат или брак 3» фильмінде басты фокус - Дәурен Серғазинге қойылған. Актер екі типаждысомдайды. Ол - Айдардың егіз бауыры Арыстанның образы.
Дәурен Серғазин, актер:
- Біраз қиналдым, өйткені оның жауапкершілігі бар, көрерменді сендіру бар. Қойған мақсатты жете аламын ба жете алмаймын ба деген біраз толқулар болды.
- Өзіңіз қайсысын таңдайсыз?
- Гоханы таңдаймын десең иә. Маған жаныма жақын әрине Айдар.
Құралай Анарбекова, кинопродюсер:
- Экшн, махаббат, андай сценалар болды. мен ұятсыз болдым ол жақта. Сол сценаны жасай алмадым, қой мен бара алмаймын, мен мысық сияқты болып бүйтіп майысып бару керекпін.
Дәурен Серғазин, актер:
- Бірінші бөлім, екінші бөлімге барған барған сайын, қайын ағалары азайып жатыр. Осы жолы 3 қайын ағаммен тікетіресетін болдық.
Олжас Абай, актер:
- Көрерменнің сүйікті кейіпкері - Бага қайта оралды дейсіз ғой. Бұл жолы образ ашылған сияқты? Мәселен, жеке өмірі....
- Шашым өсіп кетті, содан кейін маған қайтадан Баганың рөлі не оралу бірден қиын болды. Вообщем оның линиясы, режиссерлар, продюсерлар келісіп отырып, мені главный рөл ғып жіберген сияқты.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер, креативті продюсер:
- Креативный продюсерсің?
- Реклама бойынша деп айтайын осы кино саласында.
- Шыныңды айтшы, «Вакцина от коруппциида» Садр саундтрек жазды, бұл жолы Қайрат Нұртас.
- КН-мен кім келісті?
- Ортақ танысымыз көп. Сыйлағанның арқасында деп ойлаймын. Негізі КН тегін жазып берді, бірақ өлеңді біз үлкен суммаға алдық.
- Құралай екеуің жұп ретінде көпшілік алдына шығып, ол пиар қадам болды деп жатыр, сол қаншалықты рас?
- Ол халықтың сөзі. Ол жерде біз дайындалған жоқпыз. Мен дайындалсам ондай ғып жеңіл өтпейді егер, менің жарнамам олай жеңіл өтпейді. \күледі\
Анвар Матжанов, режиссер:
- Каст жұлдызды актерлардан құралған, ең дубль көп жасаған кім?
- Олжас Абай наверное.
- Кім ең ерке?
- Әбеке. Әбеке Серіков.
- Ең қырсық?
- Қырсық актерлар бар ішінде, бірақ олар осы фильмде именно қырсық болған жоқ. Бірақ басқа фильмдерде қырсық.
Аша Матай, актриса, тележүргізуші:
- Киноға жиі барғандықтан, әрине бізге негізі таңдау өте қиын, біз сондай суровый зрительдердің бірі болғандықтан шынайы айтып отырмын, супер молодцы Кура.
Аян Өтепберген, актер:
- Негізі бұл ондай қатты бір мәнді кино деп айта алмаймын, бірақ өте күліп шығуға жаңағы отбасы құндылықтарын жаңағы халыққа көрсететін фильм.
- Айдар, Бага, Арыстан кімді таңдайсыз?
- Арыстан.
Құралай Анарбекова, кинопродюсер:
- Бұл үшінші бөлімі соңғы бөлім. Актерларымыз да барлығы айтып жатыр, тізесін шығармай, осымен майын ағыздық қой осы жанрдың енді қояйық деген сияқты. Санымен емес сапасымен алайық деп.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova
«Брат или брак - 3»! Бас кейіпкер Айдарға алғашында сүйіктісімен қарым-қатынасына оның туғандары қарсы болса, енді өзінің ет жақындары отбасының берекесін алмақ! Айдар мұнымен қалай күреседі? Жауабы үлкен экрандарда!