Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– Жездуха тоқтады! Себеп: Мақсат – Айжамал болудан шаршаған! Бірақ қызыл көйлекті келіншекті соңғы рет үлкен экрандардан көре аласыз.
Мақсатқа: Қашан туасың, Айжамал? Сен еркек емессің бе? Неге әйелді ойнайсың?,-тектес тегеуріндер толассыз айтылып келе жатқалы – үш жыл. «Бұндай сөздер жүрегі тас адамды да, үгітіп жібереді. Шынында шаршатты»,-дейді ол.
– 49-шы бөлімде Мақсат, Айжамал болудан шаршағанын айтады.
Мақсат Бөбей, «Миллион» командасының мүшесі:
– Әр нәрсенің бір қызықты жерінен біту керек қой. Сценарий де соған келіп тұр. Сонымен тәтті жерінде бітірейін деп шештік.
– Нышанбек Жұбанаев ағамызбен ақша жөнінде болған мәселе немен тынды?
Қанат Тасхан, «Миллион» командасының мүшесі:
– Ол хайп тұрғын. Ешқандай араздасып, не қылған емеспіз. Шынын айта берейік. Осы киноның алдында, ел аузында тақырып болайық деген ниетпен жасалған дүние еді. Бізге жақпайды екен бірақ ондай дүние.
- Бірақ меніңше сәтті маркетинг болған сияқты. Көп «Миллион фандар, жақсы жандар» ол жаман жаңалыққа сіздерді қимады.
- Иә, Нышанбек ағамыздың көптеген пікірлердің астында қалып кетуіне себеп болып қалдық. Кешірім сұраймыз, Нышанбек тәте.
Нышанбек Жұбанаев: «Бұған дейін айғайдан ада актер едім. Даңқ пен дақпыртта да шатағым жоқ-ты. Осы пиар қадамға, қалай келісім беріп қойғанымды білмеймін»,-дейді.
– Сіздің мансабыңыз мінсіз, жалпы айғай-шудан аман актер едіңіз. Қалай келісім беріп қойдыңыз?
Нышанбек Жұбанаев, актер:
– Енді... Амалсыз десең иә... Жігіттердің көңілі шын айтамын. Көбісі айтады: ақша берді ма деп, ақша берген жоқ. Бері кел-ей
- Ақша бердіңдер ма маған?
- Бердік, бердік.
- Иә, саған атаңның басы бердің.
- Ешқандай ақша-мақша жоқ. Просто жәй көңілмен келісе салғам ғой. Енді ешқашан келіспеймін бұндай нәрсеге. Бәлесінен аулақ.
- Братанға мың алғыс.
- Ей, мен сендерге кассаға тағы 100 миллион жинап бердім ғой. білесіңдер ма?
Әділет Жауғашар «Жездуханың» саундтрегін орындап жүр. Клип бірер күнде көрерменге жол тартады. Ал аудиовизуалдың өзі, екі аптаға жетер-жетпес уақытта 75 мыңнан аса тыңдалып жинаған.
– «Жездуха» веб-сериалында қай фраза есіңде қалды?
Әділет Жауғашар, әнші:
– «Капеге барайық» дегенді білемін. «Е, Ером е, Мансар е» дегенді білемін. Сосын Қанаттың күлкісі бар.
– Фильмді жабық көрсетілімде көрдіңіз. Енді жігіттердің кассасына үлес қосып достарыңызды, отбасыңызды фильмге алып келесіз ба? Кино театрға?
Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:
– Ол әрине. Өзім де сол ойда отыр едім. Киноны көріп бастағаннан, өзімнің бауырларым болғаннан кейін мен сынаймын да. Мен бұл жігіттердің ағасымын. Мен бұл жігіттердің бауырымын, жанашырымын. Мен сынай аламын. Сын айтатын да сын жоқ. Мін де жоқ. Шынымен де балалалар өсіп кеткен. Мықты.
Кешке екі өкпесін қолына алып, асығып Тұрар Ыдырыс келді. «Миллиондық» жігіттермен таныстығын айтып берді.
– Жабық көрсетілім негізі 7-де ғой. Неғып кешігіп жүрсің?
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Алматының кептелістері ғой. Сол кінәлі. Сарағашта танысқанбыз бұл кісілермен. Шымкентте, Сарыағашта. Бұлар бір тойда болып қалады. Біз бір мерекелік кеште болып қаламыз. Сол жерден таныстық та, Қанат екеуіміз жабысып қалдық қой. Содан бері өте қатты доспыз. Бір екі жылдай уақыт болды.
Тұрардың жігіттерге жанашырлығы сонша: бокс-офиске қосқан үлесім болсын, өз оқырманым арасында кішігірім интерактив ұйымдастырамын,-деп бекініп отыр.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
– Мүмкін өзімнің атымнан инстаграмда ойнатып бірдең істермін. Өйткені мен шын мәнісінде қолдағым келіп тұр.
Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk
– «Миллионды» – «Миллион» еткен «Жездуха» жобасы. Бірақ команда: тәтті ауыздың дәмін кетірмей, шыңда тұрған шағымызда бәрін тоқтатуды жөн санадық,-дейді. Жорытқанда, жолдарың болсын, жігіттер!