Айдана Шалқар, @aiudna
- Қазақстанда 1 млн 960 мың жігіт «Қашан үйленесің?» деген сауалды күнде естиді. Бүгін осы сұрақ әбден ығырын шығарған сүр бойдақтардың махаббат хикаясымен танысамыз!
«Қашан үйленесің?» деген атаумен тағы бір комедия жарық көрді. Өмірлік серігін кенеттен кездестіріп, оның өтірік хикаяларына көзсіз сеніп, ғашық боп қалатын Баян есімді бикештің рөлінде жас актриса – Айдана Сахари.
- Трейлерге қарасақ, кейіпкеріңіз аңқау қыз сияқты. Солай ма?
Айдана Сахари, актриса:
- Ақкөңіл қыз. Яғни сенгіш болады, армандап жүретін қыз. Кітапханашы болғандықтан кітап көп оқиды, арманшыл қыз деп айта аламын.
- Ал өмірде ше? Айдананы алдау қиын ба?
Айдана Сахари, актриса:
- Жоқ, мені өмірде алдау өте-өте қиын. Әрбір гәпті бірден сезініп қоямын, сондықтан, ол жағынан менің кейіпкерім Баянмен қатты ұқсамаймыз.
Ал, сүйген сұлуына өтірік айтуға мәжбүр болған жігітті Арнұр Қабдолдаев ойнап шыққан.
Арнұр Қабдолдаев, актер:
- Енді өтірік айтып қызды сындыру керек болады. Сол үшін өтірік айтамын.
- Ал өмірде сүйген қызыңа өтірік айтатын ба едің?
- Мен де өтірік айтамын иә.
- Қандай өтірік мысалы?
- Мысалы, қайдасың деген кезде тренировкадамын дей саламын, кейде ұйқым келген кезде солай айта саламын. Қалжыңдаймын.
- Аружан ренжіп қалмай ма?
- Аружан ренжімейді. Барлығына түсінікпен қарайды деген ойдамын.
Фильмдегі негізгі рөлдердің бірі Мадина Оспанға бұйырған. Әдеттегідей күйеуін үнемі тергеп, тексеріп жүретін келіншектің образында төбе көрсетті. Ал оның экрандағы жұбайы – стендапер Данияр Бекжан.
- Фильмдегі кейіпкеріңіз туралы айтайықшы. Қандай ерекшелігі бар?
Мадина Оспан, актриса:
- Қандай ерекшелігі бар дейсіз ба? Андай подвохпен сұрақ сияқты. Енді қандай ерекшелігі бар? Бұл жақта менің күйеуім басқа. Күйеуімде ғана ерекшелік бар.
- Бұл – сіздің дебюттік алғашқы толықметріңіз. Өзіңіздің актер ретіндегі міндетіңізді қалай атқарып шықтыңыз? 10 баллдық шкаладан қанша баға бересіз өзіңізге?
- 7 деп ойлаймын.
- неге 7?
Данияр Бекжан, стендапер:
- Өйткені, бұл менің алғашқы дебютім. Бірақ сәтті шықты. Өзіме сын көзбен қарағанды жақсы көрем. 7 деп ойлаймын. Қазір киноны көріп, шкала өсетін шығар, білмеймін әзірге 7.
- Ал, режисссер қандай баға берді ойыныңызға?
- 10-нан 10 берді. Бірақ өзіме көңілім толмаған жерлер болды.
- Ол қандай жерлер?
- Үйдегі Мадина екеуміз ойнайтын сахнамыз бар. Сол жерде кішкене дубль көп болып кетті.
Комедияда ең жиі кездескен сұрақ – «Қашан үйленесің?». Біз бұл сауалды басты кейіпкерлер мен фильмді тамашалауға келген өнер иелеріне жолдап көрдік.
- Бұрын сізден де «Қашан үйленесің?» деп сұрай беретіндер болған шығар иә?
Данияр Бекжан, стендапер:
- Болды, болды, өте көп болды.
- Күніне неше рет еститін едіңіз?
- Әр отырыста ести беретін едім ғой. Қашан үйленесің деген ауыр сөз негізі түсінген адамға.
Мадина Оспан, актриса:
- Еститінмін сондай сұрақтарды осылай жүре бересің ба, күйеуге шықсай, актриса боп қашанғы жүре бересің деп айтатын.
Нұржан Еркінұлы, сценарист:
- Мен 25-ке толмай үйленіп кеттім. Сондықтан менен ешкім қашан үйленесің деп сұраған жоқ. Мен үйленген кезде қазіргідей краш емес едім десең да. Киінуім нашар, сөйлеуім нашар болғандықтан мені ешкім үйлендіруге асықтырмады. Мені адам болсын сосын үйленеді ғой деп айтатын.
Олжас Әлжанов, актер:
- Ой бұл деген ең актуальный сұрақтардың бірі болған менің өмірімде. Мен өзім кеш үйлендім 31 жаста, менің 30 жасыма дейін тоқтамай сұрайтын, туысқандарыма барғым келмейтін, ана сұрақты көргенде мен уже нервничать етіп бастаймын ғой. Үйленем, үйленем деп шүкір үйленіп, қазір отбасылы боп жатырмыз.
Картинада ғашығының көңілін аулау үшін өтірікті судай сапырған кейіпкердің оқиғасы көрсетіледі. Егер актерларды шынайы өмірде сүйгені алдаса, қандай сезімде болады? Олар бұндай жағдайға кешіріммен қарай ала ма?
Мадина Оспан, актриса:
- Смотря қандай өтірік, иногда бывает андай ложь в спасении дейді ғой. Ондай кезде енді түсінуге болады да. Егер де андай өтіріктер кетіп қалатын болса, мысалы үшін кешірілмейтін адами тұрғыда, мен ол нәрсені қолдамайтын едім.
- Ал өзіңіз алдадыңыз ба күйеуіңізді?
- Жоқ, енді ондай өтіріктер жоқ. Кейде болады ғой енді пранк жасайсың. Сондай нәрселер болмаса енді білмеймін, бәрін ашық айтамыз.
Данияр Бекжан, стендапер:
- Бақытты қылам деп өтірік алдағам.
- Бақытсыз ба не?
- Кейбір моменттерде ренжісіп қаламыз. Сол кезде айтады «Сен айттың ғой мені бақытты қыласың» деп ренжитіні бар, соған қарағанда өтірік айтқан шығармын кейбір моменттерде.
Нұржан Еркінұлы, сценарист:
- Ол кісі бірден біліп қояды. Мен өтірік айтсам білініп тұрады. Содан кейін ол кісі бірден біліп қояды, телефоннан дауысымнан да біліп қояды. Сондықтан мен оған өтірік айта алмаймын.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Махаббат машақатын тартқан бас кейіпкер ғашығына сүрінбей жете ме? Ессіз сүйіп қалған сұлуы оны кешіре ме? Жауабы – үлкен экрандарда.