– Жалпы жанұяда ақшаны кім ұстауы керек? Бұндай сұрақты Шымкенттің жігіттеріне қойған да қызық шығар.
Ерболат Зарқұмов, «Миллион» құрамасының мүшесі:
– Әрине еркек адам ұстауы керек.
- Ал шынында?
- Шынында, өзім ұстаймын.
– Мансар сіз ше?
Мансар Орынхан, «Миллион» құрамасының мүшесі:
– Келіншегім ұстайды менің.
- Шынымен?
- Иә, иә.
- Айлық табысыңыздың белгілі бір бөлігін ғана бересіз ба әлде толықтай?
- Толықтай. Просто мен ақшаны қайда, қалай жарату керегін білмеймін да. Сол үшін керек кезімде керек ақшамды аламын. Қалған уақытта сонда тұрады.
Бұл сауалды Ая Фанкқа да жолдап көрдік. Әнші жауабын бірден айтты.
– Басың бос қой?
Aya Funk, әнші:
– Басым бос иә.
- Үйленгеннен кейін отбасылық қаражатты кім басқарады? Қаржы министрі кім болады?
- Мен ғой. Это уже басынан бастап решено.
- Өзің сөйлесіп жүрген қыздарға қаншалықты қаражатпен көмектесесің?
- Барымды берем шыны керек.
Отбасыға қатысты сұрақтарымыз әзілкеш әрі актер Бексұлтан Піләлдің құлағына жақпай қалғандай. Жалтарып жауап берді.
– Манас пен Альмина жақында шаңырық көтерді. Енді мынандай қызық әрі қытымыр сұрақ қойғым келіп тұр. Жанұяларыңда ақшаны кім ұстайды?
Манас Жарылқасынов, блогер:
– Пока что ақша жоқ. Болса мен ұстаймын.
- Альмина сіздің жанұяңызда кім ұстайтын ақшаны?
Альмина Құдайберген, блогер:
- Әкем. Әкем өзінің ақшасын отбасыға. Анам өзінікін өзіне