Жанболат Найзабеков жасырын таланты туралы айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

– Блогерліктен бөлек, көліктерге қызығатыныңнан бөлек сенің бойыңда қандай жасырын талант бар? Қабілет бар? Мүмкін дельфиннің даусымен күле алатын шығарсың?

Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:

– А жоқ. Менің ондай қасиетім жоқ. Мен негізі қару жараққа өте қатты қызығамын. Қару-жарақ жақсы атамын. Шынымен құралайды көзге атқан мергенмін. Сондықтанда қару-жараққа қатты қызығамын, жинаймын үйде. Сол енді менің хоббиімнің бірі.

  • Ең сүйікті қару түрің қандай? Чизет? ПМ?
  • Менікі автомат «Калашников» және де кішігірім қарулар: пистолет, глок, макар деген сияқты.

– Манас бізде жайдарманшы, вайндар түсіреді неше түрлі, чемпион 2022. Жасырын таланттарың бар ма?

Манас Жарылқасынов, блогер:

– А, мұрнымды андай қып істей аламын. Бүйтіп. Талантқа жата ма бұл?

  • Конечно. Не деген талантты жігіт. Альмина не деген бақытты жан, бақытты жарсыз.
  • Ол да істей алады.
  • Сізде қандай жасырын талант бар?

Альмина Құдайберген, Манастың келіншегі:

– Менде жасырын талант дегенде, білмейді екем даже.

  • Көрсетсей жаңағыны.
  • Мұрынмен ба? Семейный ма?
  • Енді-енді үйреніп келе жатыр. Бұйыртса, келесі интерьюда мен сияқты істейтін болады.
  • Біз міндетті түрде сұраймыз, тексереміз.

Жұлдыздарға кезекпен қойып жатқан сауалымызды Жанболат Найзабековқа да жолдап көрдік. Актер: «Дімләмә» тамағын жақсы істеймін. Арасында келіншегім мен қыздарыма жасап беремін,-деп құпиясын ашты.

– Қызық болсын. Қысқа-нұсқа бізге дімләмәнің мәзірін, рецептін айтып берсеңіз?

Жанболат Найзабеков, актер:

  • Марқаның еті. Марқа деген – қозыдан кейінгі. Жас қой. Жаңа сойылған. Құйрық май болуы керек. Соның бәрін қазанның астына текшелеп жинайсың. Бірінші майды, одан кейін етті. Оның бетіне картопты. Оның бетіне специйларды себесіз де, сосын баклажан, помидор капустамен жабасыздар. Бетін бұқтырып тастайсыз да, үш сағатқа жәй от қойып қоясыз. Одан кейін дайын болады барлығы.
  • Сосын нанмен соғып аламыз иә?
  • Нанмен соғып аласыздар.

– Сахнада ысылған, теледидарда, телесериалдарда, жобаларда жүрген жігітсің. Бойыңда қандай жасырын талант бар?

Бексұлтан Піләл, актер, әзілкеш:

– Төбелесетінім бар.

  • Оны білеміз ғой бәріміз.
  • Не талант керек болып жатыр өзі? Жасырын дейсің ба? Мен короче өлең айтам. Бірақ оны ешкім білмейді.
  • Душта айтам деші.
  • Иә, душта. Іштей өлең айтып жүрем арасында.
  • Давай бір өлең айтамыз бірге...
  • Ешкім білмейді деп жатырмын ғой саған. Сол күйі білмей кетсін. Секрет болып қалсын.