Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Қазақстандық кинонарықта хоррор дәуірі басталғандай. Бүгін бұл жанрға Әділхан Ержанов қол салды. Азиялық оскар иегері бізге бұл жолы қандай туынды ұсынбақ? Дәл қазір анықтайтын боламыз!
«Кадет» - постхоррор, триллер және драма аралас лента. Идея авторы және сценарийін жазған Әділхан Ержановтың өзі. Туындының сюжеттік желісі жүгенсіз кеткен жасөспірімдерді жолға түсіретін әскери мектеп хақында.
Әділхан Ержанов, режиссер:
- «Кадет» фильмін хоррор жанры деп жатыр, қаншалықты қорқынышты болады?
– Негізі бұл пост хоррор, яғни көрерменді ашық қорқытатын скримерлер, зұлым кейіпкерлер болмайды. Тек адамның психологиясына әсер ете алатын, жиірендіретін сахналар көрсетіледі.
Сіз фильм арқылы қоғамдағы әлеуметтік тақырыптарды қозғайды екенсіз, соның ішінде қандай тақырыптар бар?
– Мен қоғамдағы зұлымдық, зорлық тақырыптарын зерттеп жүрмін. Оған қоса, ана мен баланың қарым-қатынасы мені қатты толғандырады. Фильмде қозғалатын мәселелер осылар.
Картинаның басты рөлінде – Шәріп Серік. Әділхан Ержанов: «Шаконы түсірілім алаңында жасай алатын импровизациясы үшін таңдап алдым», - деп отыр.
Шәріп Серік, актер:
- Бұл жобаға түсуімнің басты мақсаты – ол деген Әділханмен жұмыс істеу. Ол деген ең бастысы художник, қаншама түсірген киноларының бәрі өте андай бір глубокий. Әділханмен жұмыс істеу қанша жылдан бері менің бір кішігірім арманым болған. Бұл енді гримм, өмірде ондай синяктар жоқ.
- Ал бұл фильмдер осындай күйге түсетіндей қандай жағдай болып жатыр?
- Мен осы Әділжан Ержановтың жаңа жобасында тергеуші кейіпкерін сомдаймын. Ол деген бір мектепте болып жатқан жағдайды тергеп жатады. Қаншама адамның өлгенін.
Шәріп Серік, актер:
Фильмде буллинг тақырыбы қозғалады деп жатыр, сізде де мектеп кезінен буллингке тап болған кезіңіз бар екен. Тіпті балетке қатысқан кезде..
- Қазір деген токсичность, буллинг, анау мынау, абьюз деген сөздер көп болып кетті ғой, жалпы буллинг қалай айтам болады, әрине болды. Біз оны буллинг деп емес, қалжың деп көретінбіз. Біреуге қатты қалжыңдап қоясың, артынан кешірім сұрап жүресің. Біреу деген қалжыңды түсінбей, сомен ерегесіп кетесің, ол деген ер балалардың басынан өтетін нәрсе ғой.
- Туындыда ана мен баланың қарым-қатынасы көрсетілген. Өзіңіз бір подкастта айттыңыз әкеммен қарым-қатынасқа байланысты мен психологиялық трамва алғам деп.
- Бүкіл Қазақстанда көптеген отбасыларда ондай бар шығар деп ойлаймын өзім. Травма деп айтпай-ақ қояйын, ешқандай бір. Бастан өткен нәрсе.
Шакомен қатар лентада Анна Старченко бой көрсетеді. Оның кейіпкері - ұлының адам өліміне қатысы бар екен біліп, жағдайды өз бетінше түземекке ұмтылады. Бірақ, нәтижесіз.
Анна Старченко, актриса:
- Әділхан Ержанов фильм таспаласа, оның сценарийі міндетті түрде мінсіз болады. Себебі, ол сценарийін өзі жазады. Өзгелерге сене бермейді, көзқарасы бөлек. Оның туындыда қозғап жатқан мәселелесі өте актуальды. Қоғамда әрбір ананың басынан өтеді деп ойлаймын.
- Көзіңізде линза ма?
- Менің ойымша көрерменің үрейін тудыратын сахналар болмайды. Дегенмен кинодағы оқиғаның өзі жантүршігерлік, онда өлім болады, адамның ішкі жан дүниесіндегі күйзеліс, баласының мінезін өзгерткісі келетін ана... Меніңше қызық сияқты.
Әділхан Ержанов, режиссер:
- Кинонарықта комедиялардан бөлек, хоррор жанры да, триллер жанры да өтетінін «Дәстүр» фильмі дәлелдеп берген сияқты. Өзіңіз көрдіңіз ба сол киноны?
- Маған фильм ұнады. Меніңше жап-жақсы шыққан. Оның көрерменге ұнағаны ең басты жетістік.
- Бұл фильмді көрермен көрген кезде қандай ой түйеді деп ойлайсыз?
– Көрерменмен бірге зерттегім келетін ойлар бар. Ол идея ненің маңызды екені. Мықты әрі қатыгез болу керек пе, әлде әлсіз әрі жақсы адам болып қалу қажет пе. Фильмді көрген көрермен осы сұраққа жауап ала алса екен деймін.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Әділхан Ержанов бұған дейін тек авторлық фильмдері арқылы танылған еді. «Үздік режиссер» ретінде «Азиялық Оскарды» иеленген киногердің коммерциялық жобасы қалай шығады? Оны жылдың аяғында білетін боламыз!