«Адам бол» - экшн аралас комедия. Бизнесменнің бетімен кеткен можор ұлы, авто салон иегері мен күнін зорға көріп жүрген курьер аяқ асты Африкадан бір-ақ шығады. Рауан Романи, Қуаныш Құдайберген және Рысқұл Қонақпаев сомдайтын бұл кейіпкерлер атышулы «Қара балта» сынды нигериялық мафияның құрығына түсіп қалады. Еске салсақ, Чина Братан түсірілімге кетпес бұрын, бізге берген сұқбатында бұл бір төбе жоба деген болатын.
Рауан Романи, актер:
– Әрине үлкен плюс болды деп ойлаймын. Мен үшін білмеймін енді ерекше сезім. Мен үшін бір үлкен открытие деп айтсам болады. Как говорится кайфую.
Алмас Әлімжанов, режиссер:
- «Адам бол» фильмі бұл Қазақстандағы Нигерия мен яғни Нолливуд пен бірлесіп түсіретін толық копродукция болып саналады. Бұл жобаның жалпы идеясы осыдан жарты жыл бұрын ойға келген болатын. Яғни бір жарты жыл осыған дайындалып Нигерияға келіп зерттеу жұмыстарын жасап.
Фильмнің режиссері - Алмас Әлімжанов. Киногерлер бір ай бойы Нигерияның Лагос қаласында түсірілім жұмыстарын жүргізді.
Алмас Әлімжанов, режиссер:
-Негізінен шабыттандырған нәрсе Нигерияның Нолливудтың әлем бойынша, кино әлемде өзіндік орны бар болғандықтан осы жерде кино түсіруге шешім қабылдадық. Бұл біз үшін жаңа тәжіриебе, жаңа опыт, жаңа уровень.
Айта кетейік, Нолливуд Болливудтың баламасы саналады. Кино өнім шығару бойынша, Голливуд пен Болливудтан кейін, үшінші орында тұр. Жылдық табысы – кем дегенде 5 млрд АҚШ долларын құрайды. «Адам бол» фильміне дәл осы елдің танымал режиссері Чета Чуку да басшылық етеді.
Чета Чуку, режиссер: (Нигерия)
- Қазақстандық киногерлермен 7 ай бұрын кездесіп, жұмыс барысын талқыладық. Бізде екі тілде де режиссер бар және арнайы Египеттен шақыртылған кәсіби оператор түсірілім алаңында жүр. Сондықтан да 3 алып мемлекеттің мамандарымен таспаланып жатқан мульти-кино дер едім.
Киногерлер шетелдік кино алаңды әуелі жатырқаған. Ең қиыны - тіл мәселесі. Бұдан бөлек те, дискомфорт болды дейді режиссер.
Алмас Әлімжанов, режиссер:
- Екі мемлекеттің арасындағы адамдардың өзіндік менталитеті, адамдардың өзіндік түсінігі ол екі бөлек. Сондықтан да кішкене болсын сценарий барысында, түсірілім барысында көптеген кедергілер, түсініспеушіліктер болып жатады. Дегенмен кино, кинода тіл жоқ, кинода белгілі бір шекара жоқ.
Халықаралық жобада қазақстандық актерлардан бөлек Нигерияның танымал киножұлдыздары да бой көрсетеді. Соның бірі – Чимези Имо. Ол сондай-ақ, фильм продюсерлерінің бірі.
Чимези Имо, актер: (Нигерия)
- Алғашында тіл мәселесі бойынша қатты қорықтым, актерлармен тікелей қарым-қатынаста болу маңызды еді. Арамызда аудармашы болғаны да кейбір сәтте ыңғайсыз. Бірақ қазақстандық киногерлер тәжіриебелі мамандар болып шықты. Мақсатымыз бір болғандықтан, тіл табысып кеттік.
Алмас Әлімжанов, режиссер:
- «Адам бол» фильмі – қай кезде болсын, кез-келген адам, қандай жағдай болмасын адам болып қалуы керек. Адами қасиеттертерін сақтау керек деген жалпы ойды қамтиды.
«Адам бол» Қазақстан мен күллі Африка елінің үлкен экрандарында жарық көреді. Сондай-ақ Netflix Africa және Prime TV сынды ақылы платформаларға жүктелмек.