Халық: «Ұлы дала еркесі» атайтын Төреш бір айдай изоляторға да отырып шықты. Қоғамдық жұмыстар істеп, көше тазалап, көптің талқысына да түсті. Оңтайлы сәтті пайдаланып, оқиғаға қатысты әртістің пікірін білдік. Ештеңге жасырмады, бүкпесіз айтты.
– Маскаңызды шешсеңіз бола ма?
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Болмайды.
- Ұрыс естіп қалмай тұрғанда, осыған көнейінші.
- Жоқ, ұрыспаймын. Ұрсатындай мүмкіндігім болмай тұр. Өйткені ауырып тұрмын кішкене. Бүгін аяқастынан тісім ауырып, тіс дәрігеріне барып едім алдыңғы тісімді жұлып тастады.
– Кейінгі хейттан кейін қалай оңалдыңыз? Кім сізге мотивация берді?
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Ең біріншіден ол менің – асқар тауым. Ол менің әкем. Менің көркем жетекшім. Менің өнеріммен айналысатын. Шығармашылығыммен айналысатын. Сол кісі мен үшін үлкен тірек екенін мен жақында түсіндім шынымды айтсам. Мен үшін до конца тұрып беретін адам тағы өзі екенін маған дәлелдеп көрсетті ол кісі. Сондай ғой.
Төреәлі-тегі шатқаяқтағанда, шалқасынан құлауға мүмкіндік бермегендер көп болған. Оларды әншінің өзі атап өтті.
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Нағашы атам бар менің. Үлкен әкем бар Төребек деген. Қосбатыр деген атам бар. Осы кісілердің ақыл-кеңестері бар. Қанат бітіріп жіберетін. Құлағанда сүйеніш болатын, демеу болатын, қолтыңғыңнан бір демеп көтеріп жіберетін, жақсы-жақсы қанатты сөздерді айтатын парасатты аталарым бар, әкелерім бар. Бірақ ол нәрселер әдейі жасалмайды ғой. Өмір болған соң болады.
– Бір кездері «Сөз беремін, мен енді өзгеремін» дедіңіз. Тағы бір сол сарында ән шыға ма?
Төреғали Төреәлі, әнші:
– Ән шықпауы мүмкін. Білмеймін, ән шығуы да мүмкін.
- Мен негізі ән күтіп жүрмін аға.
- Мүмкін ән қылып ситуацияны айтуға да болады. Бірақ әнді абайлап жазу керек екен.
- Сөзде сиқыр бар дейді ғой.
- Сөзде... Сөз деген... Оңай нәрсе емес. Сондықтан әнде оны ынта-шынтаңмен айтатын болғаннан кейін абайлау керек. Жақсы әндер айту керек сияқты.