Айдана Шалқар, @aiudna
- Бұл сәтті біраз адам күтті. Себебі, бүгін Тұрар Ыдырыс тұңғыш рөлімен үлкен экрандарға шығады. Сара Амангелдінің күйеу жігітін сомдайды. Дәл қазір – «Жар-жар» картинасының жабық көрсетіліміндеміз.
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Жас қыздар Тұрар деген кезде мен эй қой дегенмін. Тұрар ол әнші ғой, ол ойнай алмайды деп. Сол кезде айтты ол клип түсіргенде сьемочной командада жұмыс істедік. Оның қабілеті бар, көрсеңізші деді. Солай көпшілік дауыспен Тұрарға хабарластым.
- Басты рөлде – Сара мен Тұрар. Олардың түсірілім кезіндегі видеолары Тик Токты біраз шулатты. Жұп болсыншы дегендер де табылды. Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Ұрысайын десем, өзіңнің қызың, ұрыспайын десең ел шулап жатыр деген сияқты ғой. Жалпы өнерде жүргеннен кейін жұп болып, әлі де түсе берер.
- Ал сізден Сараның анасы ретінде сұрайыншы. Осы Тұрар сияқты жігіттің күйеубала болғанын қалайтын ба едіңіз?
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Сізге бір қызық айтайын ба, мен осы күйеубалаларымды дым елестете алмайды екенмін.
- Сара екеуіңіз осы фильмде басты рөлдесіздер. Тик Токта біраз шулаттыңыздар.
Тұрар Ыдырыс, әнші:
- Иә, оқыдым. Күшті ғой. Сол значить сөйтіп айтып жатса, рөлге беріліп сендіргеніміз деп білеміз деп қоясың ғой.
- Біраз уақыт бойы түсірілімде бірге жүрдіңіздер, ойнадыңыздар. Қалай былай, химия пайда болды ма өзара?
Тұрар Ыдырыс, әнші:
- Химия, биология, физика бәрі бар деп па. Жоқ енді досым ғой тек қана. Айта бермеңдерші осыны, оны қазір саласыңдар ғой еще. Сосын жұрттар тик токқа қырқып алып салады да, ойбай мынауың өзінше боп тұр ғой, Сара саған қарай ма екен деп, сондықтан маған бәрібір.
- Актер Тұрарды шын жүректен құттықтаймын дебютымен.
- Экрандағы Сара мен Тұрардың тандемі қалай болды, сіздерге ұнады ма? Көрсете алды ма олар ғашықтарды?
- Мен ойладым сүйіседі деп. Десең иә. Мыналар айтсыншы, мыналар адекватно айтады
- Жақсы былай, бірақ айттың ғой, қалай?
«Жар-жар» - продюсер Гүлнұр Мамасарипова мен режиссер Ернар Нұрғалиевтың тандемінен туған ең тез жасалған жоба. 12 күнде түсіріліп, бір ай ғана пост-продакшны жүрген. Картина авторлары түсірілімді бастамай тұрып-ақ премьера күнін білгілеп қойған.
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
- Сенесіздер ма, біз монтажды бітіп кинотеатрға кеше өткізідік.
«Жар-жар» Ләйлә Сұлтанқызының кинодағы беташары. Тележүргізуші – шенеуніктің жарын сомдайды. Тұсаукесерге – Ләйнәні анасы қолдап келді.
- Ләйлә Сұлтанқызымен бірге басты рөлде болдыңыздар. Қалай болды, тандем қалай жүрді?
- Актриса ретінде бақ сынадыңыз. Қалай екен жалпы?
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
- Сіздер беріңіздерші бағасын. Мен өз-өзіме қалай беремін бағаны. Ұят қой, біріншіден, екіншіден, мен актриса емеспін. Бәрібір кем-кетім ондай бір жайттар болады.
Картинада бай мен кедей арасындағы теңсіздік көрсетіледі. Құдалар лакшери той жасаймыз деп тығырыққа тіреледі.
Нұргүл Мыңғатова, актриса:
- Біз көрдік қой палаткада өткен тойларды. Баршамыздың басымыздан өтті ғой, ағаларымыз үйленді, бауырларымыз үйленді, өзіміз де үйлендік. Ол жағын айтпай-ақ қояйын.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Тұрар мен Сараның ерекше тандемінен құрылған толықметр көптің көңілінен шығып, жақсы касса жинайды деп сенеміз. Ал, екі бойдаққа фильмдегідей өз сүйіктілерін жолықтырсын деп тілейміз!