Ғалымжан Молданазар «Ирина Кайратовна» тобымен бірікті

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Ешқандай тренд қуаламай-ақ, коммерцияны көздемей, коллаборациялардан алшақ жүре тұра музыка нарығында әрдайым сұраныстағы әнші – Ғалымжан Молданазар. Біз бүгін әр Алматылық келгісі келетін өз вайбы бар кештеміз. Себебі дәл қазір Молданазар тобы менің артымда өнер көрсетіп жатыр.

Ғалымжан Молданазар, музыкант:

- Сахнада жүргенімізге 10 жылдан асты. Сахнада тұрғанда көбісін танимын. 10 жылда қалдырмай келетін тыңдармандарым бар. Басқа қалаға да ұшып барып келіп жүретін.

- Сіз ешқандай тренд қуаламай-ақ, коллабораииялардың бәрін күн-түн жасамасаңыздар да әрдайым трендте тұрасыздар?

- Тек өз-өзіңмен болу және ішіңдегі өміріңдегі болып жатқан дүниелерді ән арқылы жеткізу.

- «Молданазар» тобынан бөлек сіз продюсерсіз, продюсерлігіңіз қалай жүріп жатыр?

- Өте ризамын, жігіттер өте жоғары деңгейдегі музыкант болып шықты.

Ғалымжан Молданазар, музыкант:

- Қараша айының соңында бізде тұсаукесер, бейнебаянның тұсаукесері болады. 2 бейнебаян түсіріліп қойған, соның бірі - Алдиярмен бірге айтылған «Бата» әніне.

Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:

- Сіздердің бейнебаяндарыңыз жәй ғана бейнебаян емес, осы жолы қалай ерешеленсіздер?

- Менің ойымша ол Канье Уэст стильінде минимализм көбінесе.

- Ғалыммен дэут құру кімнің идеясы болды?

- Ғалымжан аға өзі шақырды. Матч лоф фор мау бразер Ғалымжан Молданазар.

- Қазақшасын айтып берші десең...

- А?

- Айтқанының қазақшасы ?

- Үлкен махаббатпен, сүйіспеншілікпен, құрметпен Ғалымжан Молданазар ағамды қатты жақсы көремін.

Алдияр Жапарханов дәл осы «Бата» трегін орындап жатқанда, сөзінен сүрініп, партиясын ұмытып қалды. Соңынан Алдик құлаққап кимегендіктен, өз дауысын естімегенін айтып, кешірім сұрады.

Бірақ, тыңдарман да, Ғалым да оны сөккен жоқ. Керісінше, қолдауға тырысты.

Алдияр Жапарханов, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі:

- 2014-тен бері, «Алыстама» трегін таңдағаннан бері.

- Сол тректі айтып бере аласың ба?

- Сенсіз қараңғы күнім, а түнім, ызғарлы, сенсіз қараңғы күнім, ызғарлы салқын түнім, нанананананана... сенсіз, ыыы қараңғы күнім...

Ғани Сражадин, әнші:

- Ол менің нағашы ағам.

- Нағашы ағаң лейблына кіргізбей қойды ма?

- Мен өзім шығып кеттім. Ағам болғаннан кейін еркелеп кетеміз көп. Туысқандығымызды жасамайық, лучше бөлек жұмыс жасайық деп осылай шештік.

- Сүйікті әні Молданазардың?

- Жауап бар ма?

- Айтып берші

- Бітпейтін ұзын қысқа, біздегі дағдарысқа-а, жауап бар ма? Осылай қысқаша айта салайын.

Рауан Романи, актер:

- Фанатымын. 2000....2015-тен бастап фанатымын. Ғалымжан Молданазардың өзі Америка Құрама Штатында тур істеп жүргенде сол Лос-Анджелес қаласында бірге таныстық, содан бері фанатымын.

- Молданазардың сүйікті ән?

- «Қайдасың?» деген әні, «Сенің жаныңда» Сенің жаныңда, сенің жаныңда.... дальше?

- Білмеймін..

- Ааа өзі де білмейді..

Ғалымжан Молданазар, музыкант:

- Келесі жылға жоспарымыз өте көп, Қазақстан бойынша тур жасау. Шетелдерге шығып бара жатырмыз.

- АҚШ-қа ма?

-Жоқ.

-Қай жаққа?

-Әзірге құпия болсын.