Мадина Дәулетқызы, тілші:
- Осымен үшінші жыл қатарынан Bulgari үйі «Сәби» фондымен бірлесе қайырымдылық шараның себепкері атанып келеді! Игі істегі серіктестер бүкіл бомондтың басын қосып, арнайы аукцион ұйымдастырды. Кеште жиналған бар қаражат жақсылық жасауға жұмсалмақ.
BULGARI үйін көпке танытқан SERPENTI, яғни әшекей бұйымдар мен сағат, аксессуарлардың басты белгісі – мифологиялық жыланға 75 жыл. Бүгінгі қайырымдылық мақсаттағы ерекше кеш те айтулы оқиғаның құрметіне ұйымдастырылды.
SERPENTI белгісінің 75 жылдығына орай әлемнің әр елінде заманауи суретшілермен каллобарациялар орнатылып, әйгілі мифологиялық жыланның бейнесі жаңаша интерпретацияда ұсынылуда. Мәселен, Қазақстандық диджитал суретші Ринат Абрахманов жасанды интеллектің көмегімен цифрлық картиналарды жасап шығарған.
Рината Абдрахманов, диджитал суретші:
- Бұл коллекция аясында 6 түрлі жұмыс назарға ұсынылды. Олардың барлығы Serpenti топтамасының тақырыбына сай жасалған. Туындылар мификалық әлемге саяхат сыйлайды.
Кешке келген қадірлі қонақтар өнер туындыларын тамашалап қана қоймай, джаз және соул бағытындағы эксклюзивті концерттің куәсі болды. BULGARI-дің елшісі, әнші Джина Уэст аталмыш қайырымдылық шара үшін Лондоннан арнайы келген.
Джина Уэст, әнші:
- Bulgari менің жүрегіме өте жақын. Мен олардың бұрыннан келе жатқан тұтынушысымын. 2006 жылдан бастап брендтің кештерінде ән шырқасам, биыл оның бренд амбассадоры атандым. Бұл бұйымдар менің мінезіме сай келеді десем де болады. Өзіне сенімді бірақ көңілді дер едім.
Ал бұл кештің кульминациясы сөзсіз жабық қайырымдылық аукцион болды. Игі іс Әсел Тасмағағанбетованың жетекшілігіндегі «Сәби» қорымен бірлесе жүзеге асып отыр.
Әсел Тасмағамбетова, «Сәби» фондының президенті:
- Қазіргі кезде Қазақстанда бір топ мықты қайырымдылық қорлары жұмыс істеп жатыр. Біздің «Сәби» қоры 2000 жылдардан бастап осы күнге дейін балаларға арналған медицина, білім беру спорт және тағы басқа бағыттағы маңызды жобаларды жүзеге асырып отыр.
Олег Кайдалов, Bulgari компаниясының ТМД және Шығыс Еуропа аймағындағы бас директоры:
- Міне, осымен 3-ші жыл қатарынан Bulgari өзінің ең үздік, эксклюзив бұйымдарын аукционға ұсынып келді. Жиналған бар қаражат Қазақстан тұрғындары үшін қайырымдылық мақсатта жаратылады.
Осылайша бұл кеште жиналған қаражат балалар еміне арналған медициналық жабдықтар алуға бағытталмақ. Еске салсақ, игі бастама аясында үш жыл ішінде басы-қасы 400 млн теңге қайырымдылық мақсатта жаратылған.