Айдана Шалқар, @aiudna
- Кинонарықта фильм көбейген сайын креативті де, кринж де түрлі атауларды еститін болдық. Мәселен, біз бүгін түсірілім алаңына келген фильм - «Онда туып ал, маған не қыл дейсің» деп аталады. Басты рөлде - Тәуекел Мүсілім мен Жұлдыз Әбдікәрімова Ал, қазір киногерлердің дәстүріне айналған тәрелке сындыру сәтінің куәгері боламыз!
- Сіздің кейіпкеріңізге тоқталайықшы. Осы жолы да герой-любовниксіз ба әлде қалай?
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Бұл жерде кейіпкерімнің есімі – Айдос. Герой любовник деп айта алмаймын. Бұл жерде кино бойынша махаббат желісі өрбиді. Екі жас кездестіреді бір-бірін. Бір-біріне деген шынайы сезім пайда болады. Соны көрсетеміз.
- Басты рөлде – Жұлдыз екеуіңіз. Қалай, бой үйреттіңіздер ма бір-бірлеріңізге, химия боп жатыр ма жалпы?
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Жұлдызды бұрыннан танимын ғой десең иә. Жалпы жақсы иә Жұлдыз әрине кәсіби актриса, өте мықты актрисаның бірі, актрисалардың бірі. Еш қиындық жоқ.
Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:
- Қалай айтсам екен, қалай айтсам екен .Негізі өте-өте тамаша. Себебі, Тәуекелдің де тәжірибесі өте мол. Тіпті менен де көп десем қателеспеймін. Себебі, оның қанша партнермен жұмыс жасағанын, қанша жобаларда жүргенін көрдім. Сондықтан партнерым бұл тұста коннект енді бірден болды десем болады.
Рөл таңдауға келгенде өте кірпияз Әбдікәрімова бұл толықметрдің сюжеті оны ерекше қызықтырғанын жасырмайды. Фильмде ол тұрмыс құрмай-ақ, ЭКО тәсілімен дүниеге сәби әкелуді армандайтын Салтанат кейпінде.
Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:
- Мен үшін негізі ұсыныстарға іріктеу арқылы егер де ол қызықты болып жатса, көңілімнен шығып жатса, онда мен келісемін. Маңызды емес ол басты рөл ме, жоқ әлде қосалқы ма. Бұл кейіпкердің енді мен үшін жаңа тәжірибе, жаңа кейіпкер, ал жанр таңсық емес.
Бүгінде медициналық жолмен жүкті болғысы келетіндердің саны көп. Сондықтан да фильмде осы мәселеге барынша акцент қойылған.
Жұлдыз Әбдікәрімова, актриса:
- Кейіпкеріме келетін болсам, кейіпкерімде бәрі уақытымен болған секілді, бәрі бекер болған жоқ. Ерте кеш деген де жоқ. Біреуге бақыт кеш келеді, біреуге ерте келеді деген сияқты.
Толықметрде құрылыс компаниясының басшысын сомдайтын Тәуекел: «Кинода ғана емес, өмірде де кәсіпкер болғым келеді» - дейді. Актердың бизнесмен атанатын күннің де ауылы алыс емес секілді.
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Кәсіппен әрине айналысқым келеді. Өйткені, актерлық әрине бүгін бар ертең жоқ дүние. Оның үстіне қазір жас та келіп жатыр. Жасармаймыз одан сайын. Қартаямыз дегендей. Алла қаласа 1-2 жоспар бар негізі. Шетелдегі дос балаларымыз осы жақында ғана Америкаға барып келдік. Америкада тұратын дос балалармен сөйлесіп, олар 1-2 ұсыныс жасады.
«Онда біреуден туып ал» комедиясының продюсері – Дастан Қалдыбаев. Ол басты кейіпкерлерді ұзақ таңдаған.
Дастан Қалдыбаев, продюсер:
- Тәуекелдің жалпы көрерменнің көзайымы екені рас қой. Коммерциялық фильмдер болғаннан кейін біз көбінесе коммерция жағын ойлаймыз да. Көрерменді кинотеатрға мына актер тарта ала ма, тарта алмай ма деген сияқты. Сондықтан Тәуекел бізге барлық жағынан жақсы келіп тұр.
Айдана Шалқар, @aiudna
- Фильмде Жұлдыз Әбдікәрімова жүрегінің жартысын іздейді, бақытын тапқысы келеді. Ол өзінің ғашығына сүрінбей қосыла ма? Жауабын үлкен экрандардан білетін боламыз.