Айдардың толықметрдегі дебютіне аз уақыт қалды. «Сакура» сериалы үлкен экрандарға шықпақ.
– Қазіргі таңда қандай жобаға дайындық жүргізіп жатырсыз немесе ұсыныстар түсіп жатыр ма?
Айдар Асқарбек, актер:
– Екі жобадан бас тарттым. Себебі қазір үлкен бір ауқымды жобаға дайындалып жатырмыз. Менің ең алғашқы толықметрім десем де болады.
– Баян Мақсатқызының жобасы ма?
– Әзірше құпия.
Айдар бүгінде қыздардың қиялындағы сері. Басы да бос. Біз: «Көңіл білдіретін сұлулар да аз емес сияқты?» деп сұрап көрдік.
– Сакура ол – салмақты, байыпты, кез келген қыз баласы қызығатын ер азамат. Өзіңіз соны сезінесіз ба? Қыздардың тарапынан вниманиені? Оның көбейгенін? Әлде бұрыннан көп болды ма?
Айдар Асқарбек, актер:
– Олай десем енді қатты асыра сілтейтін шығармын. Бірақ әрине танымал болып келе жатқаннан кейін Құдайға шүкір әйелдер қауымынан, ерлер қауымынан ниет, жақсы лебіздер естіп тұрамыз. Енді қыз балалардан да естиміз деген сияқты.
Дегенмен, Айдардың өткен өмірі көлеңкесі іспетті. Өзімен қатар жүріп келеді. Жақында экс-жары Жарқынай Ханайым, Айдардың әулеті туралы үлкен сұқбат берді. Бірақ актер ол бағдарламаны қарамаған болып шықты.
Айдар Асқарбек, актер:
– Дайректіме өте көп хаттар келді. Жарқынайға рақметімді айтамын. Өте жылы мен жайында, менің отбасым жайында өте жылы, жақсы сөздер айтыпты.
– Жарқынаймен араласып тұрасыз ба?
– Әрине араласып тұрамыз.
- Соңғы рет қашан жолықтыңыздар?
- Біраз болды. Өйткені ол Астана қаласының тұрғыны қазір. Мен Алматыдамын. Қазір түсірілімге дайындалып жатырмын. Сондықтан көп көрісе алмаймыз да. Тек баланы көргенде, баланы бергенде немесе мен алғанда көрісіп тұрамыз.
Демек, Айлананы да біраз уақыт бұрын көрдіңіз?
- Айлананы да өкінішке орай біраз болды... 1-2 ай болды ғой.
– Сіздің тараптан, сіздің туыстарыңыздың тарапынан «Қосылыңдар, бала бар ғой» деген әңгіме болды ма?
Айдар Асқарбек, актер:
– Негізі мен жеке өмірімді көп жауап бере бермеймін. Бірақ осы сұраққа жауап берейін. Нақты бір өміріміздегі моментке дейін бүткіл отбасы маған ұрсатын неге қосылмайсың деп. Бүкіл отбасым, нақты бір моментке дейін. Бірақ оны мен сезініп жатсам да, Жарқынайға білдіртпеді да.